Сен десе қалай жалған мұңайсын,
Сабылдырған сол ардағың қайсы.
Сендіріп жүрген үміттерім мың,
Соларға ұқсас арманымдайсың.
Сен десе қалай жалған мұңайсын,
Сабылдырған сол ардағың қайсы.
Сендіріп жүрген үміттерім мың,
Соларға ұқсас арманымдайсың.
...Читать далее
Сен десе қалай жалған мұңайсын,
Сабылдырған сол ардағың қайсы.
Сендіріп жүрген үміттерім мың,
Соларға ұқсас арманымдайсың.
Артық көретін өз мұратымнан,
Шапқан теңеуім жүз құла шыңнан.
Қарындасымсың баршадан біреу,
Сый тапқан менің үздік атымнан.
Бағалап жүрем жылу бергенім,
Балаң қиялы сұлу белдегім.
Айырбас болмас ештенеменен,
Періштелерден нұры көркемім.
Ақтан да әппақ адал жаным ең,
Қол жетпейтұғын қамалдағым ең.
Фәниді сендей нұрландырмайтын,
Қызғыштай баққан жанардағым ең.
Шыңға құмартып бақшыл өлеңім,
Жар жасындағы ақ сүмбіл едім.
Балғын арманы елеусіз нүктем,
Ықыласыңды жақсы көремін.
Жаңылмай бақтың тілеп төресін,
Жарқын алдағың түнек көрмесін.
Ағалығыма арқа сүйеші,
Баурағанынша жүректегі есім.