Сағаттың ояту дыбысы ұйқыны кенеттен бұзып жібереді және бұл нәрестенің нәзік жүйке жүйесі үшін қатты стресс болып келеді.
8-10 жасқа дейінгі балаға оятар сағатты қолданудың қажеті жоқ. Қорыққан нәрестенің денесінде норадреналин стресс гормоны белсенді түрде бөлініп шығады. Нәтижесінде, бала жарты күн бойы өзін нашар сезінуі мүмкін, әсіресе сезімтал бүлдіршіндерде «ысқырықтан ояну» түнде жаман түс көрулерді тудыруы мүмкін.
Оятар сағат құрылғысынан бөлек тағы төмендегі аты аталғандар алынып тасталады:
- балаға кенеттен қатты жарық түсіру
- қатты музыка
- ата-ананың «Тез тұр!» деген бұйрық үні
- көрпесін жылдам суырып алу
- алқын-жұлқын тежеу
- жағымсыз қытықтау
- басқа да тым қатты белсенділіктермен ояту
Баланы аяп, оған ақырғы уақытқа дейін жата тұруды рұқсат етіп, содан кейін тез жүгіріп жиналып дайын болуын талап ету - қателік. Одан да кішкентайыңызды 15 минутқа ерте оятып, осы уақытты ұйқыдан оянуға біртіндеп өтуге арнағандарыңыз дұрыс болады.