Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Әсет Әссанди

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ МЕН ПАРЛАМЕНТТЕРІНЕ ҮНДЕУ ХАТ

1) Бейбіт өмірді сақтаңыздар!
2) Қару-жарақтың жаңа түрлерін өндіріске беруді доғарыңыздар!
3) Ядролық қаруды жою жолдарын қарастырып қана қоймай, осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, белсенді түрде іске асырыңыздар!
4) Жекелеген адамға да қиянат жасауды тоқтатыңыздар!

5) Заң үстемдігі барлық елдерде де жоғары деңгейде болғанын қамтамасыз етіңіздер!

6) Бүкіл ғаламатта адамзаттың тіршілігі пайда болған айналдырған жалғыз ғаламшарды шын мәніндегі қамқорлыққа алыңыздар!

7) Әлемді қақ айырып отырған әскери ұйымдарды таратыңыздар!

8) Америка Құрама Штаттарының әрбір штатына Тәуелсіздік беріңіздер!

9) Еуропа елдері Азия мен Африка халықтарына шынайы жанашырлық танытып, барынша көмек қолдарын созуын бастаңыздар!

10) Алдағы он жыл ішінде қару-жараққа, оның ішінде – ядролық қару-жараққа қарастырылған шығындарға тоқтау салып, бұл қаражатты адамзатты СПИД-тен, рактан, туберкулездан, коронавирустан түбегейлі емдеп шығаратын технологияларға жұмсаңыздар!

11) Жер бетіндегі әр адамның бақытты болуына жол ашыңыздар!

12) Бүкіл дүние жүзіндегі тіршілікті аялаңыздар!

© Әсет Әссанди,
Қазақстан Республикасының азаматы,
Шымкент, Қазақстан.