«БІР ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ» №1
Бір кішкентай қыздың өксігі...
Адамның санасы көп нәрсені ұмытады , ұмытуға тырысады немесе өзін-өзі алдап түпсанасына тығып қояды екен.
Кішкентай қыз бала, бастауыш класс оқушысы, озат, белсенді оқушы. Көп балалы жанұяның бір проблемасы шығар , бар балаға бірдей көңіл бөлінбейді. Бұндай жанұяларда көбіне тәрбие мәселесіне келгенде әке-шеше екінші орында болады, бірінші орында апалар, ағалар яғни үлкендер. Үлкендердің қатал тәрбиесі ма , солардың түрткілеуі ма ( ол кезде солай түсінетін еді) соның салдары ма үйден кеткенді , үлкендердің көзіне көрінбеуді көбірек жақсы көретін еді. Сондай бір күні қыз бала (өзінің бір тумаласы деп айтайық ) жақынының үйіне келеді. Ол үйде өзімен тете інісі, сіңлісі бар, бірге кейде ойнайды. Бірақ бұл күні үйінде ағасы бар еді ол қызымен бірге ойнап отырған кішкене қызды оңаша өзінің бөлмесіне шықырып алды. Онда ол баланы жылы жылы сөзімен алдына алып сыйпалай, құшақтай бастады. Оны түсінбеген қыз бала оның қимылдарына кедергі бола алмады. Ондай нәрселерге қалай төтеп беру керек екенін білмеді, сөз қайтаруға батылы бармады ол не жасап жатқанында да түсінбеді. Бұлардың оңаша қалғанын ағасының қызы да түсінбей қайта қайта есікті аша берді, оған ағасы бірдеңе деп жауап беріп үлгеріп те жатты. Әйтеуір бір кезде қыз сытылып шығып үйіне кетті. Балалығы ғой келесі де ттағы да келеді. Сондай жағдай тағы да орын алады, бұл жолы ағасы оны төсекке мәжбүрледі, қыз бала түсінбеді денесіне ол кісінің қолдары тигеніне тітіркеніп , не жасап жатқанын неге оны ағасы аймалайтынын, неге оның дауысының дірілдейтінін білмеді не болып жатқанын бала тағы да түсінбеді. Қолынан шығып кетейін десе ағасы жібермеді, қатты сөйлеуге ағасына батылы бармады. Бірақ ол кісінің қолы тиген сайын бала жүрегіне қорқыныш, үрей үйіріле бастады, дәрменсіз екенін сезді. Кенеттен есік ашылып бөлмеге ағасының қызы кіріп келді, олда бірдеңені сезді ма әкесіне жақындап әр нәрсені сұрай бастады, осы мезетті пайдаланып кішкене қыз ол зұлымның құшағынан құтылып шығып, үйіне жүгіре жөнелді...
Бұл болған оқиғаны қыз бала ешкімге айта алмады, айта алмайды, қалай айту керек екенін де білмеді, ұмытуға тырысты...Көп ұзамай қыз баланың отбасымен басқа үйге қоныс аударды.
Жылдар өтті ... Бұл оқиғаны бала жүрегі ұмытып та кетті. Бой жетті. Қыз балаға жігіттер қарай бастады. Сөз сала бастады. Бірақ бойжеткен өзіне қараған жігіттерге, жалпы еркек әлемімен сөз таба алмайтын сияқты. Мектеп бітірді, жоғарғы оқу орнына түсті, оны бітірді . Жұмысқа орналасты. Байқайды айналасында жанына жақын тұтатын өмірлік серік болатын жан жоқ. Жігіттер жақындаса неге екені белгісіз қорқу басталады. Әйел бақытын, сәби сүйгісі келеді бірақ қалай? Табиғат құбылысы ғой еркек пен әйел бір-біріне тартылып тұруы , гормондар ойнауы...
Сөйтіп бір күні өзінің өмірлік серігін кездестіріп отау құрады. Сәби сүю арманы еш орындалмады...
Осы кезде неге деген сұрақ туады, жауабын таба алмады.
Біраз жылдар өтті өткен күнге көз жүгіртсе , неге деге сұрақтың жауабы сол баяғы кішкене қыздың кішкентай жүрегінде қалып қойған екен. Ол кезде не боп жатқанын түсінбеген қыз енді есейе ненің не екенін түсініп ол ағасының не жасағысы келгенін түсінгенде әйел жүрегі ызаға , өксікке, ашуға, ренішке,өкпеге толады. Бала жүрегінің дәрменсіз, жалғызсырағанын түсінеді. Бұл балаға зорлық екенін түсінеді. Өзінің түпсанасына тыққан бұл сырын кімге қалай айтарын жасы үлкейседе әлі айта алмайтынын түсінеді. Өзінің өміріндегі көптеген қиындықтар осы балалық шағына келіп тірелетінін білді. Кішкене қыздың нәзік, аңқау, адал, бауырмал, үлкен жүрегінің сол кезден бастап жаралы болғанын әйел, орта жасына келгенде ғана ішінен тұнщыққан өксігі шықанда ғана сезеді.
Балаларымыз аман болсын!
Жалғасы бар.