Найти тему
Qogam-media

Асау үйретіп, бәйге алған 17 жастағы Дария

Ат құлағында ойнап, бәйгеге қатысып, асау үйрету – ерлердің ісі деп жатамыз. Десе де, мұндай күрделі кәсіпті меңгеріп жүрген нәзік жандылар арамызда жоқ емес. Солардың бірі – атыраулық Дария Болат. Небәрі 17 жастағы мектеп оқушысы Agroqogam.kz порталына сұхбат беріп, өзінің ерекше кәсібі, сүйікті ісі және ұлттық спорт туралы кеңінен баяндап берді.

Атырау қаласындағы Тасқала елдімекенінде тұратын Дария Болат бүгінде 11 сыныпта оқиды. Жылқы малын ерекше сүйетін бойжеткен 15 жасынан бастап асау үйретіп, бүгінде ат спортымен кәсіби түрде айналысуда. Дарияның айтуынша, бұл спорт түріне ден қоюына жылқыға деген махаббаты себеп болыпты.

«15 жасымнан бастап асау үйрете бастадым. Асау үйретуді қолға алып, меңгеруіме себеп болған бір жайт – алғашқы сәйгүлігім. Әдемі деген ат қойып, меншіктеп алған сәйгүлігімді өзім үйретсем деген талпыныс болды», – дейді Дария.

Дарияның айтуынша, ол жастайынан ата-әжесінің қолында өсіп, төрт түлік малдың қыр-сырына қаныға жүріп бой жеткен. Әжесіне қолғанат болып, мал сауысып жүріп, жылқыға деген көзқарасы да өзгере бастайды. Уақыт өте келе, алдына мақсат қойып, ақша жинап жүріп, өзі ұнатқан сәйгүлікті де сатып алады.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews