Ғылыми мақала
Радио-халықтың дауысы.
Аннотация
Алғашқы радио өз күш-қуатын қалай қалыптастырғаны туралы,
Маршалл Маклюэннін түсіндірмесі. Бұқаралық коммуникациядағы радионың өзіндік орны туралы жан-жақты мәліметтер қарастырылған.
Аннотация
О том, как первое радио построило свою мощность, Комментарий Маршалла Маклюэна. Приводится подробная информация об особом месте радио в массовой коммуникации.
Annotation
On how the first radio built its power,
Commentary by Marshall McLuhan. Detailed information about the special place of radio in mass communication is provided.
Кіріспе.
Радио ХХ гасырдын басында қалыптасып, жер-
жаһанга тез тарады . Бұл физикалық зерттеулердің , электр мен электромагнетизмнiң iргелi зерттеулері нәтижесiндегi технология . Осы физикалык кұбылыстарды iргелi зерттеудің арқасында XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дыбыстық толқынды қабылдау мен жiберу сәті туды. Радио бастапқыда "сымсыз" технология аталды . Себебi iлгерiдегi телеграфтық технологиядан айырмашылығы - электромагниттік толқындар сымсыз да әуе толқындары арқылы сигнал таратты. Сол заманда сиқыр сияқты қабылданды. Итальян физигі Гульельмо Маркони 1901 жылы теоретик Жеймс Клерк Максвеллдiн және экспериментші - ғалым Генрих Герцтiн iлгерiде жазған сымсыз телеграфтық сигнал жiберу еңбегіне арқа сүйеді. Араға бiрнеше жыл салып әуе толқынынан бiрiншi рет адам дауысы жазылған алғашқы радиосигнал берілді. Радиотаратқыш пен антеннаның ғарыш жылдамдығынан да тез таралуы бұл ілімнің әлеуетін мойындатты . Радио солай туған. Радиостанциялар 1920 жылдардың басында әлемнің Солтүстік жартышарында қалыптасты. Австралия
соншалықты кенже қала қойған жоқ , жаңа технологияны алғашқылардың бiрi болып қолданушы мемлекет екенi әмбеге аян. Мисс Диринг есiмдi жас қыз орындаған сопрано партиясы - Австралия әуе толқынында естілген ең алгашкы дауыс еді. 1923 жылғы 23 қарашада кешкі сағат 20 : 00 - де Сидней қаласында бiрiншi австралиялык радиостанция 2SB - де Дирингтің орындауында , казiргi кезде умытылып бара жаткан Farewell in the Desert ("Шөл даладағы қош тасу") әнi берілді . Кейіннен радиостанция өзінің атауын австралиялық екiншi радиостанция 2ЕС - мен шатастырмас үшін 2BL деп өзгертті . Содан кейiнгi жылдарда Австралия астанасы мен iрi қалаларда радио пайда бола бастады. Австралиялық радиостанцияларга лицензия үлестірудің әубастағы шаты суынан Австралия хабар таратудың екi жүйесін жасады: коммерциялық және мемлекеттік. Коммерциялық радиостанциялардын табыс көзін жарнама құрайды. 1932 жылы шілдеде Австралия үкіметі ұлттық хабар тарату жүйесін құруга маңызды қадам жасады. Ол ең басында Австралия Хабар тарату комиссиясы деп аталса, кейiннен
Австралия Хабар тарату корпорациясы (ABC - Australian Broadcasting Corporation) деп өзгертілді. Британия Хабар тарату комиссиясы (The British Broadcasting Commission) негізінде құрылган бұл ұйым 1923 жылдан хабар таратуды бастады . Сонымен қатар АBC станцияларының табысы радио лицензия есебiнен артты және радиосы бар әр шаңырақ пайдалану құнын төлейді . Кейiннен лицензиялау жүйесi жойылды . Енді АВС - дiң табысы тек федералдык бюджеттен алынды . Радио өзiнiң пайда болған уақытынан бастап австралиялық қоғамда туындаған дау - дамайдың ошағына айналғанымен , маңызды әлеуметтік және мәдени рөл атқарды .
Радио заманға сай масс коммуникацияда өзіне лайық медиадагы орнын тапты . Радио - көп жағдайда оңтайлы және өте қарапайым . Ең ғажабы , осы қарама - қайшылық оған ерекше күш береді . Радио адам баласындағы ең сезімтал қабылдау түрі : дыбысты есту арқылы әсер алады . Тыңдарман әрдайым оны дәл естiген уақытында кабылдайды . Газеттер бiр
күн өтсе де ұзақтау есте сақталады . Ал телевизия бiздiн санамызда сан жыл сақталатын визуал образды сіңіреді . Бірақ радио бола алмайды . Бұқаралық коммуникациянын баска формадарымен салыстырғанда , радио адам қиялына тез әсер етеді . Сондықтан баска да осы сияқты көптеген себептерге байланысты телевизия дамудын шарыктау шегiне жетсе де , радио жогалган жоқ . Бiр кездерi көпшiлiгi радионын ғұмыры өте қыска деп ертерек жаназасын шығаруға асыққанмен , ол өз кызметiн әлі күнге жалғастыруда . Австралиялық ғалым Маура Эдмондтың айтуынша , "телевизия радионың қызметін анықтауға және өз - өзiн қайта тануға көмектесті . Өзгеріп кеткен жергiлiктi ойын - сауыққа бейімделуге мәжбүрледi және радионың өзіне ғана тән ерекшелігін бағамдауға жәрдемдесті" ( Edmond , 2014 ) . Қазiр радио коммуникациянын жана формаларына , әсiресе онлайнга телевизия пайда болған кездегiдей қайта бейімделуде . Осыған орай , тұтынушылар радио сұранысына сай қызмет етiп , подкастарды және мобайл қосымшаларды қолдануда . Радионың тоннын ішкі бауындай
бiр - бiрiмен тыгыз байланысы: "Құлашын кенге жайган радиога тән : шынайылық , жақындық , даралық , интерактивтілік , отбасылық , қауымдық секiлдi жана формалар кайта түлеген мағынага ие болды" .
Радионын басқа бір маңызды сипаттамасы - онын жақындыгы. Радиодан тыңдаған сұхбатты теледидардан көргенде айтарлықтай айырмашылык байқалады . Бұл тұлғаның сезімталдық қабылдауынын ғана емес , дискурска катысушы екі немесе көп адамның сағымданып көрiнетiн жакындығын білдіреді .
Ал теледидарды көргенде адам саналы түрде окиғадағы жасандылықты сезеді . Бiрiншiден , егер камера объектiнi iрi планмен алмаса , көп жағдайда адамнын түр - тұлғасы қалыпты күйінде қалады . Радиодағы сухбатты таңдағанда өзіңізді пікір алмасудағы үшiншi адам сезiнесiз . Радионың сикыры - сол тыңдарман жұмыста , жағажайда және спорттык жаттығуда да тындай алады . Портативті миниатюралык теледидар да осы функцияны орындауға тиiс едi , бірақ халықтық
дәрежеге жете алмады . Бәлкім , бұл теледидардын жеке тұлғаға емес , көпшілік аудиторияға ықпал етуге бағытталуынан , ал радионын коғамдық қатынасқа жақындыгынан болса керек . Австра лияда 1970 жылдардан бастап кауымдық радионын көбеюi коғамды нығайтуды дәлелдеді және осыны дұрыс пайдалану - радиога тән ерекшеліктің бірі .
Қорытынды.
Бұқаралық коммуникация саласында радионың көрнекті және тұрақты рөлі бар . Маклюэн және басқа да ғалымдар атап өткендей акпарат таратушы құралдын карапайымдылыгы жаңа технологияны жатырқамай , тез бейімделуiне әсер етті . Әйтпесе байланыс саласындагы тұғырына сындарлы сын - қатер төнген еді . Жаңа технология қарқынды дамып келеді және жақын арада мультимедиа сынды жүйеден ақпарат ала беретін боламыз . Қазiр радио өз танымалдығын және бар жерді қамтыған қасиетін сақтаған . Радионың ерекше шеберлігі - күйбең тіршілікпен я басқа шаруамен айналысып жүрген тыңдарманға эмоциялык ықпал етуi сапасын арттыра түседі . Радио - көп
адам үшін дыбыстық гамманың маңызды бөлігі . Радио - бұқаралық ойын - сауықтың , жаңалықтар мен ақпараттың атасы саналады және цифрлық аудиоконтенттің өзге формасы орнын баса алмайтын қауымдастық құра алады . Радионы зерттеу үшін баспасөз бен телевизиядан мүлде басқаша қарастыру керек . Себебі радионың өзіне тән биiгi бар . Өз мансабын радиоға бағыштаган адам бұл кәсіптің тек дыбыспен ғана байланысын тез түсінеді . Мұнда дыбыстан баскаша сенсорлық қабылдау жок . Бір сағаттық радио бюллетеньге арнап жаналық жазғанда , деректі хабар немесе драмалық оқиғаларды дайындағанда тек дыбыстың әмірі жүреді . « Қауым дабылынын » дабысы тоқтамайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1."Медиа және журналистика"-2019, 3-ші басылым.
2. Радио сөздігі Алматы. “Білім” 2001ж
3.Edmond, 2014