Петропавлдық Тимур Кенжебаев темірден түрлі арт-композициялар жасайды. Бұған дейін бірнеше жыл банкте директор болып жұмыс істеген жерлесіміз сүйікті ісімен айналысу үшін негізгі кәсібін тастап хоббиін дамыта бастаған. Шебермен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасты. Тимур Кенжебаев 20-дан аса арт-бұйымның авторы. Бір қызығы оның қолынан шыққан туындылар көліктің жарамсыз бөлшектерінен, гайка, болттар секілді құралдар мен ескі газ және өрт сөндіруге арналған баллондардан дайындалған. Жоқтан бар жасайтын шебер бұл іспен бірнеше жылдан бері айналысады. «Былтыр дәнекерлеу ісін меңгердім. Көбіне тапсырыстарға байланысты барбекю, қоршау, баспалдақ, мангал жасаймын. Ал, бос уақытта шабытыма қанат бітіріп, түрлі арт-композиция құрастырамын. Мұның бәрі Walding group Қазақстан атты байқауға қатысудан басталды. Кейін осы салаға толығымен бет бұрдым десем болады. Бұйымдардың кейбірі көлемді. Шеберханама сыймай кетеді. Сондықтан, бірнешеуін қаладағы арт мұражайға өткіземін деп шештім. Олар да туынд