Перзенттерім Атыраудағы нағашыларында 40 күн демалып, өздері туып-өскен Алматыға келді. Туған жерлерін сағынып қалыпты. Алматының салқын болып тұратын түс кезінде аулада ойнап мәз болып жүр. Мен құдды білмейтіндей, «папа, Атырауда күндіз қатты ыстық, далаға шыға алмайсыз» деп қояды. Тіпті 4 айлық «пырсылдақ» Мәриям қошақаным да кішкене күнге күйіп, кеудесін және басын жерден жұлқып көтеретін күш алып қалыпты. Атыраудың қызыл балығы күш бермей қоймайды ғой. Күнде таңертең қол арбаға отырғызып, есік алдында қыдыртуға шығарсам, тек аспанды көріп шалқасынан жатқанды ұнатпайды. Сосын арқалағын көтеріп, бір жамбастап жатқызып қоямын. Кішкене түйме көздерімен көшеде не болып жатқанын қызықтап, әрі бері өткен адамдарға байыптап қарап отырады. «Жаным-ау небәрі төрт айлықсың, әлі бұл өмірді көріп те, жеріп те үлгересің ғой» десем, мені түсінгендей жымың-жымың етеді де, қоршаған төңіректі одан әрі барлап қарауға қайта кірісіп кетеді. Қошақаным-ау сол, «Алла алдыңнан жарылқасын, мына жалған өмірден тауың шағылмасын» деп тілек тілеп, арбасын ақырын итеріп кетіп бара жатамын...
165-ші Қара пайым-сөз: Алла алдыңнан жарылқасын, мына жалған өмірден тауың шағылмасын
12 августа 202012 авг 2020
38
~1 мин