Үш күн бұрын (04.08.2020) Бейруттың (Ливан) теңіз айлағында болған ғаламат жарылыстың әр қырынан түсірілген бейнетаспалары ғаламторда https://www.youtube.com/watch?v=yuICl9yaDiw қаптап кетті. Бұл жарылысқа 6 жыл бойы сақталып тұрған Ресей кемесінен тәркіленген 2 мың 750 тонна аммиак селитрасы (аммоний нитраты) себепші болған. Орын алған ғаламат қопарылыстың баламасын ғалымдар 75 жыл бұрын Хиросимаға (Жапония) тасталған атом бомбасы қопарылысының 10%-ына немесе 1500 тонна тротилдің бір сәтте жарылуына теңеп отыр. Жарылыс кезінде 3,5 баллдық жер сілкінуіне тең теңселу болған. Құдайдың «сақтансаң сақтаймын» деген қарапайым қағидасын ұмыту осындай трагедияға алып келеді. Қазақ президенті Қ-Ж Тоқаев мырза аграрлық Қазақстанның қоймаларында да 100, 1000 тонналап сақталып тұрған аммиак селитрасын дереу бақылауға алуға тапсырма берген болар деп үміттенемін. Абайла қазағым, аммиак селитрасымен ойнауға болмайды. Ерте замандарда селитраны зеңбіректің оқ-дәрісі ретінде қолданған. Бала кезімізде егіс алқаптарында қап-қап болып тұратын селитралардың 1-2 қапшығын ұрлап, қопарылыс жасап ойнайтынбыз. Жарылыс болған кезде 10-20 метр жерде тығылып жатқан жеріңнен басыңды көтерсең, жарылыс толқыны басыңды жұлып кете жаздайтынын сол кезден білемін...
139-шы Қара пайым-сөз: Абайла қазағым, аммиак селитрасымен ойнауға болмайды
7 августа 20207 авг 2020
1 мин