2018 жылы бір ғылыми Жоба бойынша ұлты еврей – Питер Мейер деген Австралияның ғалымымен Алматыда 3-4 айдай бірге жұмыс жасадым. Питекең докторлық атағын Ұлыбританиядағы Дерби университетінде қорғап, сонда жұмыс жасаған атақты физик және информатик. Ол бүкіл ғұмырын ғылымға арнап, тіпті үйленбеген екен. Үйде қонақта болғанда, шұбырған бала-шағамды көріп «ғылыммен бірге бала-шағаңды бірге бағып қалайша өмір сүріп жатсың» деп таң қалды. Сол Питер арқылы еуропалықтардың қандай адамдар екенін ұққандай болдым. Олардан үйренетініміз де бар, жиренетініміз де бар... Айналайын қазекем «екі қос уыс бір килә» деп әлі де алаңсыз өмір сүріп жатыр. Жаһанданудың (глоболизация) салдарынан мына бүгінгі «Тәжі-дерт» (Короновирус-COVID-19) біздерге дамыған Қытай, Еуропа, АҚШ елдерінен келіп жатыр. Бұл түр-түсін секунд сайын өзгертіп отыратын (мутация жасайтын) өте қауіпті тажал. Қазақ халқы санасын өзгертіп, абай болмаса, қарапайым санитарлық нормаларды сақтамаса, түгел қырылып қалуымыз мүмкін. Ағайын-туыс
18-ші Қара пайым-сөз: Әр нәрсе туралы бір ауыз сөзбен айтайын...
18 июля 202018 июл 2020
1
2 мин