Бізден гөрі иманды парақшамыз.
Еш пайда бермес бізге шарап,сағыз.
Келеме адал жолмен əр ақшамыз.
Қарынды тойдырмайды білеміз ғой.
Тұрғанмен тек шайнауға жарап сағыз.
Еңбекпен келген ақша берекелі,
Үнемдеп игі іске жаратсаңыз.
Табыстың оннан бірін бөліп алып,
Сауап қой садақаға таратсаңыз.
Ризықтыда беретін Алла ғана,
Ұғарсыз дінге бетті қаратсаңыз.
Тозақтан сақтап қалар садақамыз,
Сауатты ашпасақта арабша біз.
Құдайды есімізге түсіреміз,
Біздерді жоқшылыққа қаратса күз.
Имам айтқан уағызға толып тұрған,
Бізден гөрі иманды парақшамыз.
ИСМАҒҰЛОВ САБЫРЖАН