Жұмыс көп адам жоқ қой істей тұғын,
Құдайым қамсыз қылып жаратқан ба.
Тыйын тебен берейін деп іздей қалсаң,
Таппайсың мұқтаж адам қарап маңда.
Су тегін болып бензин ел сенбей жүр,
Күн жылып еріді ғой қар ақпанда
Жүз пайыз арзандады азық түлік,
Жан жоқ ау дəм тататын шараптанда.
Қашып жүр алмай ешкім ұят қой деп,
Үкімет үй мен жерді таратқанда.
Жөнделіп жолдың бəрі тегістелді,
Мың шүкір айтамын мен жаратқанға.
Базарда өтпей қалып темекілер,
Дүкенде сатылмайды арақтарда.
Құдай ау бұл не деген иманды ел деп,
Қызғанып қарап жатыр арабтарда.
Исмағұлов Сабыржан