Экономист ғалымдар ұлтаралық қақтығыстар болған уақыттағы сол елдің экономикалық жағдайын 1980 жылдан бері зерттеп келеді. Оның ішінен британ профессоры Пол Кольердің, Разумков орталығы сарапшыларының талдау нәтижелеріне назар аударуға болады. Нәтижесінде, зерттелген барлық жағдайларда ұлтаралық араздық мемлекет экономикасын кері тартқаны анықталған. Ұлттар мен этностар арасындағы алауыздық ең алдымен ішкі жалпыұлттық өнімге жағымсыз әсер етеді. Профессор Кольердің есебінше, егер мемлекет ішінде азаматтық соғыс өрті тұтанып кететін болса, әр жыл сайын ІЖӨ-нің 2,2 пайызы жоғалады. Егер ұлтаралық қақтығыс орта есеппен жеті жылға созылса, ұрыс біткеннен кейін ел экономикасының төмендеуі 15 пайызға жетпек. "Қақтығыс ең алдымен стратегиялық маңызды салаларға ауыз салады", - дейді Da Vinci сараптау тобының жетекшісі Анатолий Баронин. Тараптар қолдарына қару алса, өндіріс қуаттары, инфрақұрылым, көліктер жойылады. Мемлекеттен азаматтар қаша бастағандықтан, жұмыс күші азаяды. Қазақстанда