Өмір сүру - бұл өріс емес өтіп кете салатын. Көптеген жылдар бойы әдемі және сенімді болып қалыптасқан ерлі-зайыптылар үшін шын жүректен қуанасың ғой. Ал егер қарым қатынас нашарлап, жанжал, ұрыс керіс пен түсініспеушілік басталып кеткен болса ше? Психологтардың айтуынша қарапайым 10 ережені ұстансаң ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты едәуір жақсартуға және тіпті оларды идеалды етуге болады. 1. Бір-біріңді сыйлау Сыйластық деген не? Бұл екінші жартыңыздың пікірі мен ұстанымын ескеру. Тіпті қатты ашулану жағдайында да, намысқа тиетін сөздер айтып қорлаудан аулақ болыңыз. Жоғары үнмен сөйлеу - бұл құрмет емес, сабырлықпен тыныш сөйлеу - иә. 2. Зейін қойып, мұқият болу Айтыңызшы, ыстық әрі дәмді таңғы ас үшін әйеліме алғыс айтсам немесе күйеуіме қаққан шегесі үшін алғыс айту қиын ба? Қарапайым сөздер сияқты, бірақ бұл қарым-қатынасты жақсартуға өте маңызды мәселе. Барлық жақсы сөздеріңізді қолданып көріңіз және әрдайым алғыс білдіріңіз, тіпті болмайтын нәрсе болса да. 3. Сөз т