Бойымызға сенімділікті қалай қайтарамыз? Сенімділік деген не нәрсе? Осы сұрақтардың жауабын көбіміз іздейміз. Кезекті материалымыз осы тақырып аясында болмақ. Бойымыздағы сенімділік – табыстың кілті. Табысты адамдар жайынды сөз қозғаған кезде көз алдымызға өзіне барынша сенімді, бойын тік ұстайтын тұлға елестейді. Ол өзінің не қалайтынын жақсы біледі. Оның алдында биік қамалдардың өзі жасқанатындай көрінеді. Айналасындағы адамның барлығы оның мінезі мен жылдамдығына ерекше таң қалады. Өзіне қарсы пікірлерді елемейді. Ал бұл мінездің құпиясы неде? Мүмкін дәл солай туылған шығар? Олай болса, осы қасиетті еркін меңгерудің құпиясын бірге ашайық.
«Өзіне сенушілік» - адамның өз күшін жоғары бағалауы. Бірақ кез келген сенімнің ірге тасы ертеден қалануы тиіс. Ал сенімділік бізге не береді? Өзіне сенімді адам өмір атты ұзақ жолда жылдам қозғалады. Уақыт өте келе жылдамдығы үдей түседі. Ешқашан көңілі түсіп мұңаймайды. Қай бағытқа бара жатқанын жақсы біледі. Мұнымен қатар сенім мен өзімшілдік