Күнделікті тұтынатын тіс пастасы жайлы біз білмейтін біраз нәрселер бар екен. Мәселен, қорап сыртындағы «бал қосылған» немесе «жалбыз сығындысымен» секілді сөз – жай ғана жарнамалық әдіс деп кім ойлаған?! Қандай паста пайдалы, қайсысынан бас тартқан жөн? Бұл туралы білікті стоматолог Әйгерім Жақсылықова айтып береді.
– Ең пайдалы тіс пасталары қандай?
– Қант қосылмаған пасталарды пайдалану керек. Еуропалық нұсқауға сәйкес, тіс пастасының құрамында сахароза мен басқа да фермент көміртектер болмауы тиіс.
– Гельді пасталардың сапасы басқаларға қарағанда жақсы болады деген рас па?
– Жоқ, олай емес. Гельді пасталар қарапайым пасталардан тек мөлдірлігімен ғана ерекшеленеді. Жай пасталардың құрамындағы кальций карбонаты (бор) мен титан диоксиді өнімге ақ түс береді. Айырмашылығы сол ғана.
– Тісті ағартатын арнайы пасталар шынымен де екі күннен кейін нәтиже бере ме?
– Бұл – қате түсінік. Өндірушілер берген уәделерін орындағысы келіп, тіс пастасына абразивті (тегістеуші) ұнтақтар қосады