Найти в Дзене
Eurasian Bank

Eurasian Bank x ERG. Cпецпроект «Счастливая семья». Ислам и Динара

Айына бір рет Eurasian Bank пен ERG 25 жылдығына арналған «Бақытты отбасы» арнайы жобасының аясында біз ерлі-зайыптылардың бірі ERG-де, ал екіншісі банкте жұмыс істейтін отбасылар туралы бөлісуге уәде бердік. Біріншісі Давыдовтар отбасы туралы болды, ал бүгін сіз бір қалада дүниеге келіп, бір балабақша мен мектепке барған, бірақ сәл кейінірек танысқан Ислам мен Динара туралы оқиғамен таныса аласыз. Ислам мен Динара 25 жыл бұрын танысты. Олар бір қалада дүниеге келіп, бір балабақша мен мектепте оқып, бірақ бірнеше жылдан кейін қалалық мерекеде танысты. 5 жылдық қарым-қатынастан кейін Ислам мен Динара үйленуді жөн көрді. Бүгінгі таңда 17 жыл бойы тату-тәтті өмір сүруде. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар «отбасы» деп атауға болатын компанияларда жұмыс істейді. Ислам АқсФЗ (Ақсу ферроқорытпа зауыты) балқытушы болып, ал жұбайы қаржы кеңесшісі болып қызмет етеді. Динара жұмысын жақсы көретіні соншалық, бала күтіміне байланысты демалыс кезінде клиенттерін сағынып жүргенін айтты. Оған адамдарға кө

Айына бір рет Eurasian Bank пен ERG 25 жылдығына арналған «Бақытты отбасы» арнайы жобасының аясында біз ерлі-зайыптылардың бірі ERG-де, ал екіншісі банкте жұмыс істейтін отбасылар туралы бөлісуге уәде бердік. Біріншісі Давыдовтар отбасы туралы болды, ал бүгін сіз бір қалада дүниеге келіп, бір балабақша мен мектепке барған, бірақ сәл кейінірек танысқан Ислам мен Динара туралы оқиғамен таныса аласыз.

Ислам мен Динара 25 жыл бұрын танысты. Олар бір қалада дүниеге келіп, бір балабақша мен мектепте оқып, бірақ бірнеше жылдан кейін қалалық мерекеде танысты. 5 жылдық қарым-қатынастан кейін Ислам мен Динара үйленуді жөн көрді. Бүгінгі таңда 17 жыл бойы тату-тәтті өмір сүруде.

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар «отбасы» деп атауға болатын компанияларда жұмыс істейді. Ислам АқсФЗ (Ақсу ферроқорытпа зауыты) балқытушы болып, ал жұбайы қаржы кеңесшісі болып қызмет етеді. Динара жұмысын жақсы көретіні соншалық, бала күтіміне байланысты демалыс кезінде клиенттерін сағынып жүргенін айтты. Оған адамдарға көмек көрсету мен алғыс сөздерді естіген ұнайды. Ал Ислам үшін зауыттағы жұмыс — сенімділік пен тұрақтылық. Ол ортақ қызығушылықтары бар ер адамдардан құралған әріптестерін бағалайды.

Отбасыдағы қарым-қатынаста Ислам махаббатты, сыйластық пен өзара түсіністікті басты орынға қояды. Жолдасының айтқанына қосылып, Динара сенімділік пен назар аударуды да маңызды екенін айтып өтті. Ерлі-зайыптылар бір-бірін қолдап, маңызды шешімдерді бірге қабылдайды. Бір-біріне деген жылу сезімді сақтап қалу үшін Ислам мен Динара кешке бірге қыдыруға тырысады.

Біздің кейіпкерлеріміздің екі ұлы мен бір қызы бар. Жұмыстан бос уақыттарында отбасымен бірге табиғат аясына шығып, бау-бақша мен үй шаруашылығымен айналасу үшін аталарына жиі барып тұрады. Мейрам күндері достары мен жақындарымен бас қосып, жиын ұйымдастырады. Ал егер атаулы күн болса, онда Ислам мен Динара бір-бірін кездесуге мейрамхана немесе кафеге шақырады.

Өздерінің қарт кездерін ерлі-зайыптылар қыдырып, белсенді түрде өткізуді қалайды. Жастарға бірге өмір сүруден қорықпауға, үнемі үйреніп, жетілуге, мұнымен тоқтап қалмауға кеңес береді, сол кезде ғана армандар орындалады.

***

Раз в месяц в рамках спецпроекта «Счастливая семья», который приурочен к 25-летию Eurasian Bank и ERG, мы обещали делиться историями семей, где один из супругов работает на предприятии ERG, а второй — в банке. Первая была о семье Давыдовых, а сегодня вы можете прочитать историю Ислама и Динары, которые родились в одном городе, ходили в один детский сад и школу, но познакомились чуть позже.

Ислам и Динара познакомились 25 лет назад. Они родились и выросли в одном городе, ходили в один детский сад и школу, но познакомились, спустя пару лет на городском празднике. После 5 лет отношений Ислам и Динара решили пожениться, и вот уже 17 лет живут в счастливом браке.

Сейчас наши герои работают в компаниях, которые тоже можно назвать семьёй. Муж — плавильщиком на АксЗФ (Аксуский завод ферросплавов, Казхром), а жена — финансовым консультантом в Eurasian Bank. Динара делится, что настолько любит работу, что даже будучи в декретном отпуске, скучала по своим клиентам. Ей нравится помогать людям и безумно приятно слышать их слова благодарности. Для Ислама работа на заводе — это уверенность и стабильность. Он ценит дружный мужской коллектив, где у всех коллег есть общие интересы.

Главным в семейных отношениях Ислам считает любовь, уважение и взаимопонимание. Динара соглашается и добавляет, что доверие и внимание также важны. Супруги всегда поддерживают друг друга и вместе принимают все решения. Чтобы сохранять такие теплые отношения, Ислам и Динара стараются каждый вечер гулять вдвоём.

У наших героев трое детей: два сына и дочка. В свободное время они выезжают на природу, ездят к дедушке заниматься хозяйством и огородом. В праздничные дни они устраивают небольшие застолья, приглашают близких и друзей. А если это какие-то личные даты, Ислам и Динара назначают друг другу свидание в ресторане или кафе.

Свою старость супруги видят активной, хотят путешествовать. А молодым советуют не бояться начинать совместную жизнь, постоянно учиться, самосовершенствоваться, не останавливаться на достигнутом, и тогда мечты осуществятся.