Ақтоғайдың ақыны Айгүл Түсіпбекованың сып свежий айтысы АЙГҮЛДЕН: Фейсбуктегі оқырмандарымыздың сұрауы бойынша Құдаш екеуміздің айтысымыздың толық нұсқасы: Қазақстанның Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында 82-ші жылғы келіншекке үйленді деп, фейсбуктегілер "қырылып" жатыр. Көкшетаудың перісі Құдаш екеуміз сол үшін қызылкеңірдек болып, айтысып қалдық! Құдайберлі Мырзабеков: Үйленген жақсы сексенде, Тиым жоқ оған еш жерде. Шалқадан түсіп жүрмеңдер, Кіндігін ұлдың кескенде. Айгүл Түсіпбекова: Үйленген жаман сексенде, Көрмесін мұны еш пенде! Алжығаны-ай атамның "Сүйем"-деп жас қыз бөскенде! Құдайберлі Мырзабеков: Айгүлжан, босқа өштенбе, Кеш жақсы деген ештен де. Темірді нанша илесе, Құнды ғой балға төстен де. Айгүл Түсіпбекова: Босаған басы балғаның Сала алмаса салмағын. Темірдің иі қанбаса, Шайнаумен өтер бармағын! Құдайберлі Мырзабеков: Ұғарсың бәрін өскенде, Көрмеген затты тексерме. Сенбейсің сонша, қызуың Елуге жетпей өшкен бе?! Арқада ару сен едің, Ай