Соңғы кездері ел аузында ақырзаман 2019 жылы орын алады екен деген қауесет қаптап жүр. Бұл қауесеттен сіздің де хабардар екендігіңізге күмәніміз жоқ. Айтылған болжамдарға күлгендер де бар, сенгендер де бар. Ал дәл осындай жалған болжамдар бұған дейін сансыз рет айтылған және әлі қаншама рет айтыла беретіні белгісіз. Сенбейсіз бе? Ендеше назарларыңызға ақырзаман туралы мыңдаған жыл бұрын айтылған ең қызықты болжамдарды ұсынамыз. Алғашқы болжам б.з.д. III ғасырларға жатады. Күллі әлемнің көкке ұшатындығын хабарлаған сәуегейлердің бірі - ежелгі гректің абыз әйелі Кассандра болатын. Бүгінде әлемнің көптеген халықтары, тіпті кішкентай бөбектердің өзі оның есімін жақсы біледі. Аңыздарға сүйенер болсақ, Кассандраның болжамы - оның ұлы қойшы Париса мен Елена ханшайымның кесірінен Трояның қирауымен тікелей байланысты. III ғасырда өмір сүрген сәуегей Апокалипсистің нақты күнін айтпаған. Бір қызығы ешкім сенбесе де, Кассандарның кез келген болжамы орындалып отыратын болған. Ал бүгінгі күнгі біз