Кезінде қазақтан шыққан ғалым, тарихшы, этнограф және фольклоршы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан (бейнеде Шоқанның рөліндегі Нұрмұқан Жантөре) дін жайлы былай деген екен: «Мұсылманшылық әзірге біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңісе қойған жоқ. Ол келешекте халық жігінің айыру қаупін төндіреді» Бұлай айтуына не себеп деп ойлайсыз? Ислам қазақ даласына шамамен Х ғасырда келді деп есептесек, қалайша ол XIX ғасырға дейінгі аралықта қазақ сүйегі мен қанына сіңісіп үлгермеген? Оған жалғыз себеп – қазақ халқының түп сенімі және сол сенімнен қалған салт-дәстүрлері. Ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен Тәңіршілдіктің сарқыншақтарын байқау үшін аса көп білімнің қажеті жоқ. «Тәңіршілдік – ата-бабамыздың ұстанған діні» деп айтып жатамыз, алайда біз ол дінді әлі де ұстанып келеміз. Иә, иә. Мен Америка ашып отырған жоқпын. Оған дәлел өте көп. Жай ғана мына бір үш сөзді талдап көрейік: «Отбасы, отағасы, отанасы». Бұл сөздердегі оттың не қатысы бар деп ойлайсыз? Жауабы – Тәңіршілдік. Ата-бабамыз отты қасиет тұтқанды