3 подписчика

Бақша. Көшет өсіру

Капустаны, қызанақты, тарнаны, бұрышты, баклажанды, асқабақты, патиссонды, қауынды, қарбызды, қияр мен сельдерейді көшеттеп өсіреді.

Капустаны, қызанақты, тарнаны, бұрышты, баклажанды, асқабақты, патиссонды, қауынды, қарбызды, қияр мен сельдерейді көшеттеп өсіреді. Көшетті қайта отырғызғаннан кейін жұлынған тамырларының қалпына келуі үшін 10-15 күн керек. Тамырларын дұрыс сақтау үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін шымтезекті, шымтезекті-целлюлозалы, шымтезек-шірінділі, қағаз не пластмасса қораптарға сирету жолымен өсірген жөн. Қораптарды әзірлеу үшін 4 бөлік шымтезек, 1 бөлік ағаш үгіндісі және минерады тыңайтқыш алу керек.

Әр қорапқа 1-2 тұқым отырғызады. Қорапқа салынған жәшіктерді температрасы 20-25 С-ға жететін, бірақ 15 С-ден кем емес жылы жерге қою қажет. Өркен көктеп шыққанға дейін жәшікті үшқатпен, картонмен, полиэтилен пленкасымен немесе әйнекпен жауып қойған дұрыс. Өркен көктеп шыққан бойда жабындыны алып, жәшікті күн беттегі терезенің алдына апарады (өйткені күн түсі жеткіліксіз түссе, өркен әлсіз өседі де, қайта отырғызуғу жарамайды). Даладағы температура 7 С-ден жоғары болса, жәшіктерді күндіз сыртқа шығарып, кешкісін қайтадан ішке кіргізеді, сөйтіп оны үсік шалудан сақтайды. Көшетті жәшіктегі топырақ ылғалды болып тұратындай етіп күніне екі рет суарады. Көшетті өсіру кезінде оған 1-2 рет сұйық тыңайтқыш сепсе тіпті жақсы. Ерте пісетін капустаны көшетке наурыздың 1-ші жартысында, қызанақты 10 сәуірде, қияр, асқабақ, патиссонды ­– мамырдың басында қыш тостақтың өзіне, қағаз стақанға немесе қоректік құрама заттары бар жәшікке отырғызу ұсынылады.