3 подписчика

Бақша. Тұқым себу

Тұқым себу мерзімі. Суыққа төзімді өсімдіктердің (тамыр жемістілер, пияздың түрлі сорттары, бұршақ және т.б.) тұқымын әдетте сәуірдің аяғы – мамырдың басында себеді.

Тұқым себу мерзімі. Суыққа төзімді өсімдіктердің (тамыр жемістілер, пияздың түрлі сорттары, бұршақ және т.б.) тұқымын әдетте сәуірдің аяғы – мамырдың басында себеді. Картопты да осы мерзімде отырғызады.

Сәбіз, қызылша, ақжелке, салат, шпинатты күзде, қар түскенше көктеп үлгермейтін уақытта (бұл үшін тұқымды қарашаның 1-ші жартысында жүйекке егеді) еккен дұрыс. Жылылықты жақсы көретін дақылдарды (бадана, қияр) көктемгі суық өткеннен кейін, мамырдың екінші жартысында немесе маусымның алғашқы он күндігінде себеді.

Тұқым себудің тереңдігі. Әдетте бақшамен алғаш айналысқандар тұқымды терең сіңіреді. Мұндай жағдайда тұқымның көктеп шығуы кешігеді, яғни мүлде өспей қалады. Оның үстіне, терең сіңірген тұқым көктегенімен, жер бетіне шыңа алмайды. Ал, өте тайызға тайызға түскен тұқымға ылғал жетіспейді, өйткені жер қыртысының жоғарғы қабаты әдетте тез кебеді. Тұқымның ұсақтарын (шалқан, сәбіз) 1-2 см тереңдікке, орташаларын (қызылша, қияр) – 2-3 см, ал ірілерін (бұршақ, бадана т.б.) – 3,5 см тереңдікке сіңірген дұрыс болатыны анықталған.

Тұқым себу техникасы. Әсіресе ұсақ тұқымдарды себудің техникасына ерекше көңіл аудару керек. Оларды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді. Жүйектің нығыздалған табанына сәбіз бен пияздың тұқымын бір-бірінен ара қашықтығын 1-1,5 см етіп, ал қызылша мен шалқанның тұқымын – 1-2 см етіп отырғызады. Тұқымды тым жиі себуге болмайды. Жүйектің табанын нығыздау тұқымның тез өсуіне көмектеседі, өйткені су оның төменгі қабатынан жоғары көтеріледі.Содан соң тұқымның бетін 0,5 см қалыңдықта шіріген көң араластырған топырақпен жабады да, оны алақанның қырымен ептеп нығыздайды. Сосын үстіне тағы да 1-2 см қалыңдықта шіріген көң немесе шым тезек себеді. Бұлар жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды. Осы тәртіп сақталып егілген жерде, егер тұқым жақсы әзірленген болса, ол тез көктеп шығады.

Кешіктіріп еккен кезде, алдымен жүйектің табанына су жіберіп, тұқымды ол сіңгеннен кейін ғана отырғызады.