3 подписчика

Бақша. Тұқымды себуге әзірлеу

Жоғары сапалы мол өнім алу үшін таза сортты, алдын-ала әзірленген, шығымдылық дәрежесі тексерілген тұқым іріктелу тиіс.

Жоғары сапалы мол өнім алу үшін таза сортты, алдын-ала әзірленген, шығымдылық дәрежесі тексерілген тұқым іріктелу тиіс. Ол үшін тұқымды ас тұзының 3 пайыздық ерітіндісіне (1 л суға 30 г тұз) салу керек. Ерітіндінің түбіне тұнған тұқымды мұқият жуып, кептіргеннен кейін егеді. Асқабақ пен бақша дақылдары үшін 2-3 жыл бұрынғы тұқымды пайдаланған дұрыс, өйткені олар іс жүзінде вирустан тазарған және аналық гүлдері біркелкі жақсы өседі. Бұл дақылдардың жас тұқымын екпестен 1,5-2 ай бұрын дәкеден жасалған қапшық ­– дорбаға салып, жылы батареяның немесе пештің жанына қойып қыздырады.

Тұқым арқылы өсімдіктің жұқпалы аурулары тарап кетуіне жол бермес үшін оны алдын-ала 2-4 күн бойына ашық ауада ұстап, күн көзіне қыздыру керек.

Сәбіз бен капуста тұқымы ішіндегі инфекцияны жою үшін оны 15-20 минут ыстық суда (сәбіз тұқымын 52-53 С температурада, капуста тұқымын 48-50 С температурада) қайнатып алады. Бұрыш пен баклажан тұқымын 25 минут, бұршақ тұқымын 5 минут 50 С температурада қыздырып, залалсыздандырады. Тұқымды қыздырған бойда 2-3 минут салқын суға салып, сосын кептірсе, бұдан оның шығымдылық қасиеті кемімейді. Қызанақ тұқымын марганцовка қышқыл калийінің 1 пайыздық ерітіндісіне 20 минут салып алып, содан кейін жуып, кептірсе, ол жұқпалы аурудың вирусынан арылады.

Тұқымды микролемент ерітіндісімен өңдесе, оның көктеп шыққыштығы, өнімділігі, аурулар мен зиянды жәндіктерге төзімділігі артады. Ерітінді даярлау үшін полимикротыңайтқыштарының әзір таблеткаларын немесе жеке тыңайтқыштарды пайдалануға болады. Ондайда 1 л суға 0,5 г бор қышқылы, 0,5 г марганцовка қышқылды калий, 0,5 г күкірт қышқылды қалайы, 0,05 г күкірт қышқылды жез, 0,5 г молибден қышқылды аммоний, 0,5 г натрий бикарбонаты(тағамдық сода) салып араластырады. Тұқымды ерітіндіде 24 сағат ұстағаннан кейін сүзіп алып, кептіреді. Ағаш күлін суға араластырып та осы мақсатқа пайдалануға болады. Онда өсімдікке қажетті қоректі элементтердің, оның ішінде микролементтердің 30 % бар. Ерітінді әзірлеу үшін 20 г күлді 1 л суға араластырып, 1-2 тәулік қояды да, осыған тұқымды салып 4-6 сағат ұстайды.