3 подписчика

Бақша. Дақылдарды учаскелерге орналастыру. Тыңайтқыштар енгізу нормалары

Көкөніс дақылдарының бір түрін өнебойы белгілі бір жерге жылма-жыл қайталап еге беруге болмайды, өйткені бұл өсімдіктің әр түрлі ауруларының өріс алуына, зиянкестердің пайда болуына әкеліп соқтырады.

Көкөніс дақылдарының бір түрін өнебойы белгілі бір жерге жылма-жыл қайталап еге беруге болмайды, өйткені бұл өсімдіктің әр түрлі ауруларының өріс алуына, зиянкестердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сондықтан учаскенің бір бөлігіне картоп, екіншісіне – көкөніс егіп, жыл сайын олардың орнын алмастырып тұрған жөн. Бұдан басқа, учаскенің әр бөлігінде көкөністің жеке түрлерін бұрынғы өскен жерінде кемінде 4 жылсыз қайтып егілмейтіндей есеппен орналастыру қажеттігін де сақтаған дұрыс.

Органикалық тыңайтқыш енгізу нормасы. Норма 1 м2 есептеледі.

- Жылқы көңі: 2-5 кг;

- Ірі қара көңі: 3-8 кг;

- Сұйытылған көң: 3-8 кг;

- Үй қалдықтары: 3-5 кг;

- Торф: 5-10 кг;

- Шіріген жапырақтар: 5-10;

- Торфқа араластырылған құс саңғырығы: 1-2 кг.

Минералды тыңайтқыш енгізу нормасы. Норма 1 м2 есептеледі.

- Ағаш күлі: 100-200 кг;

- Суперфосфат: 20-30 кг;

- Калий тұзы (хлорлы калий): 30-40 кг;

- Әк (қышқылды жерге 4-6 жылда 1 рет енгізіледі): 300-1000 кг;

- Нитрофоска: 30-40 кг;

- Аммиак селитрасы: 10-20 кг.