Facebook-ке кіріп жүріп жасанды интеллекттің жұмысын байқадыңыз ба? Соңғы бір айда көзіме қайта-қайта түсе бастады. Жаңалықтар тізбегін айтпағанда, посттарға коммент жазарда байқалады. Тексеріп көрсеңіз болады. Мысалға көзіме түскен бірінші Facebook қолданушысын алып қарайықшы. Мұнда автор өз туған күні туралы жазған. Тиісінше пост астына коммент жазуға кірсең, Facebook автоматты түрде стикерлерді ұсынады. Жәй ұсынып қоймай, пост тақырыбына байланысты ұсынатынын байқауға болады. Мұнда жасанды интеллекттің, пост "туған күн" туралы екенін қайдан түсіне қоятыны қызық. Екінші мысалды қарастырайық: Мұнда автор сыртқы ресурста жазған мақаласымен бөліскен. Бірақ Facebook-тың өзінде мақала туралы, оның тақырыбы туралы бірде-бір сөз жазылмаған. Бірақ Facebook бұл мақаланың ана туралы екенін түсініп, соған сәйкес стикерлерді ұсынып тұр. Яғни жасанды интеллекттің алгоритмдері біз ойлағаннан да күрделі. Ол стикерлерді, постқа қойылған қолданушылардың реакциясынан ғана алмайды деген сөз. Тағы б