Адамның өмір сүру барысында көп нәрсе өзгереді. Балалық шағымызда біз алаңсыз болсақ, есейе келе дүниетанымымыз да көбейіп, арман-мақсаттарымыз, ойымыз, тіпті, достармен, өмірлік серігімізбен де қарым-қатынасымыз жылдар бойы өзгеріп отырады. Кейде оны түсінбей қаламыз... Ойымыздағы, санамыздағы бейнелер өзгере бастағанда діліміздегі сөз тілімізге көшеді: «Бұдан алдын мұндай адам емес едіңіз, қатты өзгердіңіз». Неліктен олай? Себебі, ер адамдардың жұбайына деген нәзік қарым-қатынасы жасының ұлғаюына байланысты өзгеруі мүмкін. Қарым-қатынастың өзгеруінің белгілері қандай?