Найти в Дзене

Менің (сіздің) ең алғашқы жасаған тағамыңыз...жұқпа көже?

Мен алғаш рет жұқпа көже жасауды үйрендім. Содан болар осы ас түрі әлі күнге менің сүйсініп ішетін тағамым. Тәтті айран қатып, сарымай салғандағы көженің иісі тәбетті ашпай қоймайды. Суық тиіп, тұмауратып қалсам жұқпа көже ішсем жазылып қалардай боламын)).
Суретте мен және менің ас үйім
Ал жалпы маған анам ау дайындауды ерте үйретті. Өзі күнұзаққа жұмыста болатындықтан, сабақтан келе салысымен

Мен алғаш рет жұқпа көже жасауды үйрендім. Содан болар осы ас түрі әлі күнге менің сүйсініп ішетін тағамым. Тәтті айран қатып, сарымай салғандағы көженің иісі тәбетті ашпай қоймайды. Суық тиіп, тұмауратып қалсам жұқпа көже ішсем жазылып қалардай боламын)).

Суретте мен және менің ас үйім
Суретте мен және менің ас үйім

Ал жалпы маған анам ау дайындауды ерте үйретті. Өзі күнұзаққа жұмыста болатындықтан, сабақтан келе салысымен тамақ дайындап қою менің міндетім болды. Содан болса керек 6 сыныпта оқып жүргенде қамыр илеп нан жай деп тапсырды. Әрине, анам оны демалыс күні жасатты. Қасымда өзі бақылап отыратын. Қамырым көңілінен шықпады білем, "қыз деген өстіп те былжыратып илей ме екен қамырды" деп ұрысқаны бар. "Қамырды беті жылтырап, майы шыққанша илеу керек" деп айтқанын әлі күнге басшылыққа аламын. Ал 6 сыныпта оқып жүргенде оның мәнісін түсінбейтінмін. "Қамырдан да май шыға ма?" деп орынсыз сын айттыға балап анама көпке дейін ренжитінмін. Есесіне, осы күні мен илеген қамырды өзімнен басқа ешкім жая алмайды)) Тым қатты етіп жіберетін болуым керек. Алайда, анамның тәжірибесіне сүйеніп мен де қызым өскенде қамыр илеп, тамақ жасауды үйретемін. Тек қызым бұл істі маған ұқсап 6 сыныпта емес 8-9 сыныптан бастап үйретермін Құдай қаласа.

-2

Жұқпа көже жайлы естігендеріңіз барма?

Жұқпа көжені балаларыңызға жасап бересізбе?

Мен қазір Нұр-Сұлтан қаласында, жолдасым және қызым үшеуіміз отбасымызбен тұрамыз. Айтайын дегенім, мен өзім Шымкент қаласының тумасымын, жолдасым Қарағанды қаласынан. Басқа қаладан болған соң ба жолдасым жұқпа көже жайлы білмейтін еді, ал қазір жұқпа көжені өте жақсы көреді. Ылғи жұқпа көже жасашы деп отырады...

Анам Шымкент қаласында тұрады. Нұр-Сұлтан қаласына келген сайын маған "сен менің жұқпамды жақсы көресің ғой" деп әлі күнге дейін алып келеді. Өзім қанша жұқпа жасасамда Анам жасаған жұқпадай болмайды. анам жасаған жұқпаны сүйсініп отбасымызбен жеп аламыз . Аналарымыз аман болсын!

-3

Жұқпа былайша айтқанда қазіргі - лаваш. Ал жұқпа көже тез дайындалатын тойымды тамақ, қазір оны роллтонмен айырбастап жүрміз....жұқпаны көп уақытқа сақтап қоюға болады. Асығып келгенде тәтті айран мен сары май қосып ыстықтай ішіп алуға болады. Ал қазіргі таңда көбіміз жұқпаны жасамай роллтонды сатып алғанды жөн көреміз...эххх неге???

Демек, лавашты да роллтонды да ойлап тапқан ата-бабаларымыз қазақтар екен.

Жұқпаның рецептін білмейтіндер бар ма? Келесі мақалада рецептін жазғанымды қалайсызба? Менің каналыма жазылып, пікір қалдырыңыз.

Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ

Менің каналымдағы басқа мақалаларды оқи отырыңыздар:

Күнбағыс майы жайлы не білеміз?