Найти тему
OMG Kazakhstan

Үнемді Прага

Прага-ерекше атмосферасы бар ғажайыпқала: Орта ғасырархитектурасы, көнеертегілеррухы, тәттітоқаштариісіжәнежергіліктітұрғындардыңмейірбандығы қалаға ерекше жылылық береді. Готикалық қамалдар мен соборлардыкөріп, жаңақайнатылғансыраныішу, трдельник жеу (салмасы бар қытырлақтүтік) және Карл көпіріндегічехбилеушілерініңмүсіндерінкөру үшін Чехияныңастанасында болып қайтсаңыз еш өкінбейсіз. Прага еңқолжетімдіеуропа елдеріастаналардыңбіріболыпсаналады, бірақдемалыс кезіндеүнемдеуешқашанартықболмайды. БізПрагадақалайша барынша үнемді уақыт өтізуге болатыны туралы әңгімелейміз.

-2

Қаламен танысу

Прагамен Prague Extravaganza жергілікті ұйымы ұсынатын тегін шолу экскурсиялары барысындатанысуға болады. Үнемшіл туристер «Ескі қала және Еврей кварталы» және «Карл көпірі және Прага град» атты екі жаяу турға бара алады. Бұл турлар күніне екі рет (11:00 және 15:00, 13:00 және 17:30) өткізіледі. Екі сағат ішінде гидтер Праганың көрікті жерлері туралы көп қызықты жайттарды әңгімелейді, қайда баруға, қайда тамақтануға болатыны жайында кеңес береді. Ескі қала бойынша экскурсия Республика алаңындағы Оқ-дәрі мұнарасынан басталады, ал Карл көпірі бойынша тур көпірдің басында Кірескерлер алаңынан басталады. Екі экскурсияны бір күн ішінде өткізуге болады. Экскурсияны жүргізушілер туристерді көк қолшатыр ұстап күтеді. Тіркелу қажет емес.

-3

Прагаға тегін экскурсияның тағы бір нұсқасы-Free tour of Prague – бұл Праганың басты көрікті жерлерімен күнделікті 3 сағат бойы тегін жаяу жүріп танысу туры. Ескі қаланы, музейлер мен соборларды, синагогалар мен көпірлерді көресіз. Экскурсия күніне 3 рет өтеді, алдын ала тіркелуге болады.

-4

Әрбір көктемде Прагада Мүзейлер түні өткізіледі, бұл кездері барлық музейлер есігі келушілер үшін ашық. Сондай-ақ мамыр айында Шіркеулер түні өткізіледі, барлық храмдарға, монастырьларға, мұнаралар мен қала шіркеулеріне тегін кіріп, ондағы театрландырылған қойылымдарды тамашалауға болады.

Прага Град

-5

Көптегенжаяумаршруттарғакөпақшақажет емес. Мысалы, Прага Град– олПраганыңғанаемес, соныменқатарбүкілЧехияныңкелбеті, әлемніңқазіргі еңіріқамалдаркешендерініңкөрінісі. Прага градқакелген соң, сізмұнаралары мен соборлары, алаңдары мен бақтары, көпірлері мен көшелері бар Ескі Прагамен танысасыз. Прага қаласыныңаумағынакірутегін, жұмысуақыты — 5: 00-ден 24: 00-ге дейін. Аумақтасоборларға, мұнараларға, мұражайларға баруғабөлек ақытөленеді. Злато көшесіне, әлемге әйгілі Алхимиктеркөшесінекешкіжәнетүнгіуақыттакірутегін.

-6
-7
-8

Ескіқала-бұлтуристербірінші кезекте асығатын Прага ауданы. Мұнданазараударарлықкереметкөрікті жерлер көп, сәулетөнерін бағалайтындар үшінтаптырмас жер. Ескіқаланыңклассикалықүйлері, готикалық қамалдары, готикадан бастап заманауи үлгіге дейінгі түрлі сәулет стиліндегіғимараттар, мыс есіктұтқалары, қызғылт-сарышатырлар - бұның бәрі ерекше тәнті болып сүйсінуге тұрарлық. Ал көпірастында-ежелгікөшелерқабаты: жертөлелер, жер асты үйлері,лабиринттер бар.

Прагада кәдесыйларды орталықтан, Карл көпірінде немесе Ескі алаңда сатып алмаған дұрыс. Егер сіз Карлова Вараға баратын болсаңыз, онда кәдесыйларды сол жерден сатып алыңыз. Егер онда бармасаңыз, орталықтан алыс сауда нүктелерінде немесе Гавель базарынан сатып алыңыз, оның мекенжайы Havelská 13, Staré Město.

-9

Тегін музейлер

Прагадағы көптеген музейлерге тегін баруғаболады. Қаланың дәл орталығындағы Вацлавский алаңындағы Ұлттық музей әр айдың бірінші дүйсенбісінде келушілерге тегін есік ашады. Мұнда сіз бұрынғы дәуірдің, сондай-ақ қазіргі заманның көптеген өнер туындыларын, сондай-ақ әлемнің басқа музейлерінің көшпелі экспозицияларын көресіз.

Прага музейіндекіру үшін ақытөлеу әдеті жоқ. Мұнда келуші шығып бара жатып, өзі бергісі келген соманы қалдырып кетеді. Музейдешағын винтаждық киімдер мен аксессуарлар дүкені жұмыс істейді.

Шыныдан жасалған атақты «Мозер»музейіне детегін кіре аласыз. Мұнда атақты Богем хрустальі мен Чех шынысынан жасалған әдемі бұйымдар қойылған.

Қараша айынан бастап наурыз айына дейін Прага ботаникалық бағына тегін келуге болады. Мұнда 70 гектар алқапта сіз сирек кездесетін және ерекше ағаштарды, өсімдіктерді және тіптіЧехияның ұлттық игілігі - әулие Клара жүзімдігін көресіз.

«Лапидариум» галереясы классикалық өнердібағалайтындар үшін аса қызықты. Мұнда XI-XIX ғасырлардағы мүсіндердің көшірмелері мен түпнұсқалары қойылған.

Валдштейнсарайы-Праганың ең ірі сарайы, 1992 жылдан бастап Чехия сенатының отырыстары өтетін орын. Сарайдың ішінде XVII ғасырдың фрескалары қалпына келтірілген Рыцарлар залы, бақшада мүсін топтары бар.

-10

Прагадағы тегін музейлер

Прага астана музейі.Аптаның әрбір бейсенбісінде кіру 1 крон тұрады. NaPoříčí 52/1554, NovéMěsto.

Кбелаавиация музейі(мамыр айынан бастап, қазан айына дейін дүйсенбіден басқа күннің бәрінде жұмыс істейді), Mladoboleslavská 425/9, Kbely.

Прага Иисус сәби музейі, Karmelitská 9.

«Лапидариум» галереясы,Rámová 735/6, StaréMěsto.

Чехия ұлттық музейі(бас ғимарат). Айдың әрбір дүйсенбісінде кіру тегін. Václavskénám. 68, NovéMěsto.

Ұлттықтехникалық музей.Айдың әрбір жұмасында кіру тегін. Kostelní 1320/42, Praha 7.

Прага сән үлгісінің музейі.Дүйсенбіден басқа күндері күн сайын ашық, Štupartská 3.

Валдштейнскийсарайы.Қаңтарайынаннаурызайынадейінәрбіріншісенбіжәнежексенбі, сәуірайынанжелтоқсанайынадейін-әрсенбіжәнежексенбі күні кіру тегін.Valdstejnskenamesti, 17/4,MalaStrana.

Хайуанаттар бағындағы серуен

Прага хайуанаттар бағы Праганың орталығына жақын жерде Влтава өзенінің жағасында орналасқан. Хайуанаттар бағы 1931 жылы ашылып, бүгінгі таңда Әлемнің Сүйікті хайуанаттар бағы санатында 4-ші орынға ие болды. Хайуанаттар бағы-Чехиядағы Прага Градынан кейінгі туристер көп келетін екінші орын. Кіру ақылы, бірақ әр дүйсенбі сайын хайуанаттар бағының әкімшілігі 15 жасқа дейінгі балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге кіру билетіне жақсы жеңілдіктер ұсынады.

Хайуанаттарбағында 12 павильон және 150-ден астам экспозиция бар. Мұнда пілаңғары, әлемдегіеңүлкенжер мен суда тіршілік ететінжануарлар - қытай исполин саламандраларынаарналғанСаламандриум, гориллаларпавильоны, африкалықүй, бөкендер менжирафтар бар. Ал балаларғаойыналаңы, арқанжолы, трамвай, поезд жәнебалалархайуанаттарбағыұнайтыны сөзсіз.

Фото и материал: собственность OMG Kazakhstan.