Найти тему

Жемістерден жасалатын коктейль

Жемістерден жасалатын коктейль

Қажетті заттар:

  • сүт
  • жеміс шырыны
  • балғын жемістер мен жидектер
  • қоспалар
  • бал
  • жаңғақ

Дайындау тәсілі: Біз әмбебап коктейль түрін ұсынамыз. Ол үшін таңдауыңызға қарай жемістер мен жидектерді аласыз. Мысалы апельсинді таңдайық. 2-3 дана апельсиннің қабығын ашып, тазалаймыз. Блендерге саламыз. Тек апельсин ғана емес, ішіне жидектерді де қосып , блендердің көмегімен езіп, болкалға құя беруіңізге болады.

Ал егер коктейль одан да дәмді болсын десеңіз, ішіне сүт, базмұздақ, айран, бал , жаңғақ, түрлі қоспалар мен мейіз, йогурттар қосып жіберуге болады. Бұндай коктейльдер ағзаға өте пайдалы, әрі жеңіл сусындар қатарына жатады. Бастысы бұл сусындар ағзаға күш-қуат беріп, күні бойы толық сергек жүруіңізге әсер береді.

Ал егер коктейльді сіз егзотикалық дәм беріп тұрғанын қаласаңыз, онда шоколад қосып жіберуіңізге де болады.

Ас болсын!

Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ