Күнбағыс майы: таңдау, пайдасы
Жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағы майы, ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамында қанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және Ғ дәрумендер мен минераладар бар. Күнбағыс майы күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді.
- Ғ дәрумені теріміздің жағдайын жақсартып, қан тамырларының беріктігін арттырады, гормондар синтезін реттеп, иммунитетті жақсаратады. Қан айналымын дұрыстап, атеросклерозға қарсы тұрып, ағзадан артық холестеринді шығарады.
- Е дәрумені есті жақсартып, қартаюға қарсы күреседі. Майлардың қабылдануын дұрыстап, жүйке жүйесін де жақсартады. Бұл дәрумен қауіпті Альцгеймер ауруының алдын алып, қант диабетіне де қарсы тұрады.
- А дәрумені көздің саулығы мен тырнақ, шаш, тіс пен сүйек беріктігіне жауап береді. Жақсы антиоксидант болып табылатын бұл дәрумен онкологиялық аурулармен күресуде көмектеседі.
- D дәрумені кішкентай балалардың дұрыс өсуіне өте қажетті дәрумен. Ол сүйектердің берік болуына, зат алмасудың дұрыс жүруіне, асқорыту жүйесінің жұмысына да әсер етеді.
Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестер:
- Салаттарды майонезбен емес, маймен араластырсаңыз, көкеністердегі бета-каротин А дәруменіне айналады. Шикі не тазартылмаған май бөтелкесінің тұнба көрсеңіз шошымаңыз. Бұл денсаулық үшін өте пайдалы фосфолипидтер болып табылады. Олар ағзаға сыртқы әсерлермен күресуге күш береді. Осы қасиеттердің бәрі қарапайым ғана күнбағыс майының құрамында бар екен.
- Дүкенде сөренің ең бергі жағында тұрған майды алмаңыз, оның құрамында жарық әсерінен пайдалы заттар жоғалған.
- Шыны күңгірт бөтелкелеріндегі май түрлері сапалы болады.
- Әрине сақталу мерзімі өткен майды қолданушы болмаңыз.
- Сақталу мерзімі 4 айдан көп майларды алмаңыз.
- Арзан бағаларды іздегенше, сапалы, жақсы өнім ұсынатын үлкен өндірушілердің тауарын алғаныңыз жөн. Олар өндіріс нормаларын сақтайды.
Тазартылмаған май сатып алғанда, оның ашық, мөлдір түрлерін іздеңіз. Тазартылған майдың да ақшыл, мөлдір түрлерін таңдаған дұрыс: күңгірт түрлеріндегі каротиноидтар температура әсерінен бұзылады.
Келесі мақалада қолдан жасалған күнбағыс майын таңдау мен оны дұрыс сақтау ережелерімен, сондай-ақ оны косметикалық дауаларда қалай қолдануға болатындығын таныстыратны боламын.
Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ
Менің каналымдағы басқа мақалаларды оқи отырыңыздар: