Найти в Дзене

Өліп тұрсаңдар, біз де көрініп тұрамыз ғой!

Қосүйеңкіде бір кісі қайтыс болыпты, Қыраштағы біраз ағайындар марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға барады. Жаназасын оқып, арулап жер қойнауына тапсырып, қасиетті Құран сүрелерін бағыштаған соң, Қыраштан келген туыстары қайтпақ болады. Сонда сол елде тұратын Әбіш деген кісі көрісіп тұрып:

-Оу, ағайындар, көрінбейсіңдер ғой, - депті.

Сонда аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін Байділла:

-Е, өстіп өліп тұрсаңдар, біз де көоініп тұрамыз ғой, - деген екен