Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

367-ші Қара пайым-сөз: Не болатынын Ресей де, Қытай да шешпейді – Құдай деген Құдірет Иесі шешеді...

Соңғы уақытта Түркияның сөз және күш жәрдемімен Әзірбайжандардың Армяндарды Таулы Карабахта ойсырата жеңіп жатқандығы әсер етіп, түркі тілдес алты елді біріктіретін «Түркістан немесе Тұран мемлекеті» деген сөз жиі айтыла бастады. Осы әзірде оптимизмінен көрі пессимизмі басымдау «Ұлы Тұран мемлекетін құруға кім бөгет?» Күлтегін БЕК: https://zhasalash.kz/sayasat/uly-turan-memleketin-quruga-kim-boget-12032.html?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.comатты ой салатын мақаланы оқып болған соң ойға қалдым. Ия, қазір АҚШ, Еуропа, Ресей, Қытай күшті елдер. Қазақы тілмен айтқанда к...-мен диірмен тартып, жағалары жайлауды жүр. Бірақ көктемде ағаштар бүршік атып, жазда жапырақ жайып қалай жайқалса да, күзде қайтадан бүршік боп қатып, қыста тірідей өліге айналады. Тек табиғатты ғана емес, адамдардың қоғамын да біресе жайқалтып, біресе шайқалтып тұратын Ұлы Құдірет Иесі – Құдай бар. Сол себепті күллі әлемді мекен ететін 7 млрд. халық өз тілдерінде, әртүрлі жолмен (Ислам, Христиан, Будда, Яхуди және т.б.) осы құдіреті күшті Құдайға табынады. Айтайын дегенім – АҚШ, Еуропа, Ресей, Қытай және т.б. дегені емес, Алланың қалағаны болады. Ол қалай болады – бұл басқа мәселе. Сол себепті қазіргі азулы елдер «Түркі мемлекеттерінің Одағын құруға мүмкіндік бермейді» деп таусылып, тон пішудің қажеті жоқ. Мысалы, мына «Тәжі-дертті» басында ешкім елемеген еді, міне қазір бұл індет ең дамыды деген күллі әлемнің елдерін тығырыққа тіреп, әкелерін «үш қорғанда» көрсетіп жатыр. Осы ақиқатқа көздері жеткендіктен атамыз қазақ «Жақсы сөз жарым ырыс» (Никогда не говори никогда – But, like we say, never say never) деп айтқан. Жақсылықтан үміт қылайық, жақсылықтан күдер үзбейік. Орталығы біздің Түркістан қаласы болып – Ұлы Түркі Одағы (Ұлы Тұран мемлекеті) құрылса, мына қазір бізді бір шыбықпен айдап отырған христиан еуропа мен орыстар және пұтшыл қытайлардан көрі жағдайымыз жақсы болары сөзсіз. Жақсылықтан үміт қылайық, жақсылықтан күдер үзбейік...