Қазақ халқын – тайпа мен рулардан тыс қарастыру мүмкін емес. Таза «мәңгүрт» болып кеткендері болмаса, былайғы қазақтың ішінде өз руын білмейтін қазақ жоқтың қасы. Геометрия ғылымындағы А мен Б нүктелерінің арасындағы сызықтың (таяқтың) екі ұшы болатыны сияқты, қазақтың тайпа-руға бөлінуінің екі жақсы және бір жаман жағы бар. Бірінші жақсы жағы: Шыңғысхан әскерінің жаудан жеңілмеуінің үлкен құпиясы оның қару-жарағында емес (дәл сондай қару дұшпанында да болған), сарбаздарының кіші ру-ру-тайпа бойынша құрылуында болатын. Мысалы, ондық топ (взвод) – кіші рудан, жүздік топ (рота) – рудан, мыңдық топ (батальон не полк) – тайпадан жасақталатын. Осы үрдіс Қазақ Ордасы кезінде де мықтап сақталды. Туысқандар тобы (взвод-рота-батальон-полк) дұшпанмен бетпе-бет келгенде, туыстық сезіммен байланған сарбаздардың жаудан сескеніп шегінуі, қашуы мүлде болмайтын. Керісінше сарбаздар туыстарын қорғап қалу үшін өзінің қасық қанын да, жанын да аямайтын. Сол себепті атамыз қазақта «У ішсең руыңмен іш» дег
255-ші Қара пайым-сөз: Қазақтың тайпа-руға бөлінуінің екі жақсы және бір жаман жағы бар
15 сентября 202015 сен 2020
1 мин