Зираттан алдын ала жерлеу орнын қалай алып қоюға болады және зиратты абаттандыруға кім жауапты? 7152.kz тілшісі зерттеді. Сұрақтарға жауап алу үшін 7152.kz тілшісі «Қызылжар» орталық мешітінің наиб-имамы, «Зекет» қайырымдылық қорының өкілі Мұхаммадзахир Мирзаевтен сұхбат алды. Наиб-имамның сөзінше, солтүстікқазақстандықтар зираттан алдын ала орын таңдап, оны броньдсақтай алады. Бірақ, діни тұрғыд ан қарасақ, бұл дұрыс емес. - Егер зиратта бос орындар болса, тұрғындар оларға тапсырыс бере алады. Бірақ ол үшін міндетті түрде қоршау салу керек. Броньдау мүмкіндігі тек қарт адамдарға қарастырылған, - деді Мұхамедзахир Мирзаев. Кейбір азаматтар марқұмды туған-туысының жанына жерлегілері келеді. Бірақ, көрші учаскені өзге біреу алдын ала қоршап қойған. Бұл жағдайды қос тарап өзара шешулері тиіс. Бұған мешіт өкілдері араласпайды. Сондай-ақ, ол жерлеу орындары тегін екенін түсіндірді. - Ал, енді қабірлерді абаттандыруға келер болсақ. Шаруаны жылына бір рет жергілікті әкімдік пен мешіт ө