«Өміріңізде не жетіспейді?» деген қызықты тест дәл қазіргі сәтте жаныңыз не қалайтынын анықтауға көмектеседі. Уақыт өткен сайын жай-күйіңіз де өзгеріп отырады, әр кезде әртүрлі сурет таңдауыңыз мүмкін. Таңдауыңызға 8 сурет ұсынамыз, қай картинадағы жерде болғыңыз келеді?
1. Бақтағы орындық Сізге әңгімелесу, қарым-қатынас жетіспейді. Жай ғана бір-екі ауыз сөз емес, жан дүниеңді ақтаратын сырласу. Ескі досыңызға уақыт тауып, оның да сіз үшін бірер сағатын бөлуін сұраңыз. Таңға дейін ұйықтамасаңыз да ішкі дүниеңізді ақтарып, өткен мен бүгін, болашақ туралы ойларыңызды біреумен бөлісуіңіз керек.
2. Ормандағы соқпақ Сізге түбегейлі өзгеріс болмағанмен, бір жаңару керек. Өмірдегі негізгі дүниелерге көңіліңіз толады. Дегенмен кей нәрселерді қазіргіден де жақсарту үшін аздап өзгеріс енгізу қажет. Мүмкін шаш қою үлгіңізді немесе киіну стиліңізді басқаша ету керек шығар? Әлде пәтердегі жиһаздарды жаңартып не орнын ауытырыңыз. Жаңа мамандық түрін игеріп көресіз бе?
3. Әдемі көріні