Жаңа –жылдың қарсаңы болатын.Ол кезде мен студент едім. Сол күні дала аппақ мамыққа оранып қар жауып тұрған.Әуеден аппақ болып, еркелей құлап жатқан кішкентай жұлдызша іспетті әсемдікті қимай біраз жүріңкіреп қалдым. Үйге қайтуды ойлап енді бұрыла бергенім ,ойламаған жерден аяғым тайып құлап түстім.Оңбай құладым.Аяғым қайырылып «ах» дедім ауырсына.Кенет, қолтығымнан біреу кеп демеп жатты.Аяғымның ауырғанынан кім екеніне де қарауға шамам болған жоқ.Орнымнан тұрғызып,жүре аласың ба?- деп демей ұстағанда барып өзім құралпы жас жігіт екенін байқадым. - Байқасаңшы- деді бір түрлі жылы үнмен. Оның үнінің жылуынан аяғымның ауырғанын да ұмытып кеткендей болдым. -Рақмет!- дедім, мен де аяғымның ауырғанын байқатқым келмей намысқа тырысып. Бірақ...жүрейін десем, ауырып қалған аяғым өзіме бағынбай тағы құлап түстім.Еріксіз мырс еткен ол; - Қарындас немене тұсауыңыз кесілмеген бе ? -деді қалжыңдай. Жігітті жібергім келмей әдейі құлағандай болдым, бұл