Жасыратыны жоқ, қазір «екінші әйел болғым келеді» дейтін қыздар өте көп. Алғашында түсінбейтінмін, «неге өздеріңді екінші сортқа жатқызасыңдар» деп, сөйтсем көп жағдайда екінші әйелдің көп жауапкершілігі жоқ болады екен, ері көп бала тап деп те мазаламайды екен. Есесіне, қымбат сыйлықтар көп сыйланады екен. Оған жан жағымдағы екінші әйел болып жүрген қыздардың өмірі куә. Мен де тоқалдыққа қарсы едім. Бірақ қазір өмірде кейбір нәрселерді уақыттың сұранысына қарай өзгертуге болады деп санаймын. Мәселен қазір қоғамымызда жасы 27-28 ден асқан қыздар өте көп. Тұрмыс құрғысы келмейді емес, келеді тек шаңырақ көтерейік деп сенімді түрде айта алатындары жоқ. Менің де жасым биыл 31-ге келді. Тұрмысқа шыққым келеді. Әйтсе де тұрмысқа шыға қоярлықтай жігіт жоқ. Жасың 27-ден асқан соң тұрмысқа шықшы деп біреудің ұсыныс айта қоймайтынына көзің де жете бастайды екен. Бухгалтермін. Тұрақты екі жұмыс орным бар. Қосымша кейбір ұсақ компаниялардың есеп-қисабын жүргізіп беріп ақша да табамын. Бір бөлмел