Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар,
Көрсетші қанша сенің қарымың бар.
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар.
Тура қара көзіме, тура қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Қалжысын жеп қуанып, шілде жасап,
Сені де перзентім деп туды–ау Ана... Мұқағали Мақатаев