Найти тему

Сәкен Сейфуллиннің Лев Троцкиге арнаған өлеңдері №1

Ресейде кеңес өкіметін орнатқан, оны орнықтырған Петроград кеңесінің төрағасы, РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В. И. Лениннің орынбасары, сыртқы істер халық комиссары, революциялық кеңес төрағасы Л. Троцкий көптеген ақындардың өлеңіне арқау болған тұлға.

Соның бірі Кеңестік Қазақстанның тұңғыш үкімет төрағаларының бірі ақын, революционер Сәкен Сейфуллин

Арыстан Дәуітұлы

Пайғамбар жалын сөзі иман берген

Сансыз ер жолында өлмек соңына ерген.

Тілінен балы тамған, ақын бұлбұл

Мүлт кетпес тіл мен қолы бірдей мерген

Тарихтың ұлы дүбір арыстаны

Қырдағы өткір зейін данышпаны

Дүбірі жер мен көкті солқылдатқан

Сан жаумен зор майнданда алысқаны

Қайралған өткір алмас, тілі шешен

Тарихтан шыққан жеке үздік көсем

Қол бастап өзгерісте алып өткен

Тар жолдан, тайғақ кешу аман-есен.

Арыстан жалбыр қара аруақты

Айбыны қалтыратқан алтын тақты.

Жол бастап жалпы адамзат бақытына

Көрсеткен айнадай қып болашақты.

Арыстан һәм пайғамбар сегіз қырлы

Ілімі жалшы бақыт, жалғыз сырлы

Сүйініп, шалқып сені жыр қылмаса

Не қылад сорлы ақындар өлең-жырды?!

Тарихтың зор қамытын мойнына артқан

Үлгі алған орын басып, үлкен қарттан

Кейінгі жалпы елдің жас буыны

Шаттанып жырлар талай еріп арттан.

Қазан төңкерісін тікелей ұйымдастырып, жүзеге асырған Лев Троцкий В. И. У. Ленин кезінде бейресми екінші қатарында болса, билікке И. Сталиннің келуімен партиялық талас-тартыста жеңіліп, шетелге кетуге мәжбүр болды.

Лев Троцкийдің шетелге кетуімен Троцкийдің жақтастары және ниеттестеріне қарсы науқан басталды. Көптеген адамдар ұсталды.

1937-1938 жж. КСРО-да Сталиннің оппоненттеріне қарсы басталған репрессия көптеген адамдардың, кеңес өкіметін тікелей орнатуға атсалысқан революционерлердің өміріне әсер етті.

Осы репрессияға ұшыраған адамдардың қатарында Сәкен Сейфуллинде бар еді. Оған түрікшіл, жапон тыңшысы, Лев Троцкиймен байланысы бар деген айыптар таға отырып деп өлеңдері мен шығармашылығын мысалға алды.

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына сәйкес партияға қарсы троцкист жасау әрекеті әдейі жасалғандығы мұрағат құжаттарынан белгілі. Сәкен Сейфуллиннің Троцкийге өлең арнауы оның бастапқы танымалдығы кезінде шығарылған.

Сәкен Сейфуллиннің шығармаларында Нығмет Нұрмақов, Мұстафа Шоқай, Нәзипа Құлжанова, Троцкий, Ленин, Қажымұқан сынды бір заманның адамдарына арнаған өлеңдері бар. Бірақ Сталинге арналған өлеңі жоқ.

Себебі, И. Сталин Кеңес өкіметінің алғашқы он жылдығына аса танымал болмаған. И. Сталиннің кең танымалдығы, авторитарлығының билігінің орнығуы ХХ ғасырдың 20 жылдардың аяғынан басталады

-2

Суреттер ғаламтордан алынды.

Өлең шумағы Сейфуллин Сәкен Көп томдық шығармалар жинағы, - Алматы: Қазығұрт, . Т2. Өлеңдер. - 392 бет, 152 бет