Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын.
Дегенімен, Ұлы Отан соғысында миллиондаған кеңес азаматтарының Еуропа елдерін азат етуге қатысып, мыңдаған азаматтардың шетелдік қарсыласу қозғалысына қатысуыда өзінше әсер етті десек болады. Ел көрген, жерген азаматтар - КСРО-дағы ішкі жағдайды салыстыра бастады.
Бұған РКФСР-дың әкімшілік орталығын Мәскеуден Ленинградқа көшіру идеясыда пайда болды.
- соғыстан келген мүгедек майдангерлерді қолдау толықтай жүзеге аспады. Аяқ-қолынан айырылған соғыс майдангерлері ірі қалаларда қайыршылықпен күн көрді.
- Миллиондаған майданнан оралған сарбаздарды - қираған қалаларды қалпына келтіруге жұмылдырғанымен, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету баяу жүрді.
- Шетелдік ғалымдар мен мәдениет өкілдерімен байланысқа түскен - кеңес одағының ғылым мен мәдениет қызметкерлері қоғамға жаңаша ой алып келе жатқандығы байқалды.
КСРО КОКП басшылығы байқалған наразылықтарды басу үшін науқандар басталды.
- РКФСР орталығын Мәскеуден - Ленинградқа ауыстыруға ниет білдіршілерге қарсы "Ленинград" ісі басталды.
- Александр Ждановтың қайтыс болуын пайдаланған билік Халықаралық сионистік" ұйыммен байланысы бар деп "Дәрігерлер ісі"-мен жазалау науқанын бастады.
- Шетелдік тәжірибелерді озық санайтын ғалымдарға қарсы - "космополитизммен күрес" науқаны жүргізілді.
- Басылымдардағы ғалымдардың өзгеше ойлауына қарсы науқан - біраз ғалымдарды сөгіс берумен басталып, біразы қызметінен алынды.
- Қазақстанда "Бекмаханов ісі" қозғалды.
Партиялық аппарат өзінің билігін нық әрі қоғамның ұйытқысы екендігін білдіру мақсатында - қоғамдық ойда балама көзқарас тудырмайтындығын байқатты
Сурет ғаламтордан алынды