Қазақ халқының Ресей империясына кірген 186 жылмен Кеңес Одағының құрамындағы 69 (+5) жыл Тәуелсіздікті қалпына келтіруге бағытталған күреспен өтті.
Ресей империясының құрамындағы 186 жылдың 140 жылы қарсыласу қозғалысымен өтті.
Ресей империясы Қазақ халқын толық бағындыру үшін 150 жылдай уақытын жұмсады.
Сыртқы факторлардың әсерімен Кіші жүз 1731 жылы, Орта жүз 1740 жылы ал Ұлы жүз 1848 жылы Ресей империясының құрамына кіргенімен
- Отарлық езгіге көнбеген халық үнемі қарсылыққа шығып отырды.
- Тіпті 1841-1847 жж. Кенесары Қасымұлы Қазақ мемлекетін уақытша қалпына келтірді. Көршілес Хиуа, Бұхара мемлекеттерімен байланыс орнатты. Қытайлық Цинь әулетімен байланыс орнату әрекеті нәтиже бермеді.
- 1917 - 1920 жж. Ресейдегі анархиядан сақтану үшін Алаш қозғалысы өкілдерінен құрылған Алаш партиясы Алаш-Орда үкіметін жариялап, қазақтар тұратын аймақтарда аумақтық автономиялық мәртебе үшін күрес жүргізіп, уақытша билікті ұстап тұрды.
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі 1775 жылы 16 жасар Сапара Мәтенқызы басқарған Ресей империясының отаршылдық билігіне қарсы "көрінбейтін көктемір" қозғалысымен басталып, 1986 жылы КСРО ОК өктемшілдігіне қарсы жастардың наразылығымен көрінді. Әріқарай 1990 жылдары Тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатында "Азат" ұлттық қозғалыс ұйымымен жалғасын тапты.
260 жылдай отарлық кезеңде Қазақ халқы Тәуелсіздікті қалпына келтіру жолында
- Қарулы күреске шықты.
- Саяси партиялар құрды (Алаш, ЕСЕП, Азат).
- Үнқағаздар таратты.
- Көрші және шетелдік мемлекеттердің қолдауына сүйенуге тырысты (Хиуа, Қоқан, Германия, Жапония).
-Сырым Датұлы, Қайыпқали Есімұлы
- Қазақ халқының жағдайына халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға тырысты (Еуропа және Азия).
-Мұстафа Шоқай
Қазақ халқының Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруде - Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның; Қазақ хандығында Кенесары ханның үлесі зор.
Қазақ мемлекеттілігін дәстүрлі билікті қалпына келтіру жолында қарулы қарсылық көрсетуде - Торғайдағы Әбілғафар Жанбосыновтың әрекеті зор бағаға лайықты.
XVIII ғасырда Шығыс Түркістандағы Жоңғар мемлекетімен құлауымен осы жердегі мекен еткен қазақтар Қытайдағы Цин әулетінің құрамына енген болатын. ХХ ғасырдың 40 жылдары Іле аймағындағы Оспан Ісләмұлы басқарған Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысыда үлкен құрметке лайықты
Сурет ғаламтордан алынды