Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша Қазақстан өңірлері арасындағы алшақтық айтарлықтай өскен деп хабарлайды Qazaqstan Mediaтілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасында» айтылған.
«Өңірлер арасында ЖӨӨ бойынша алшақтық сақталуда. Мысалы, егер 2010 жылы ЖӨӨ деңгейі бойынша Алматының көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысынан 8,7 есе жоғары болса, 2022 жылы алшақтық 10 есе өсті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша аймақтық теңсіздік мәселесінің өзектігі артты. Мәселен, Атырау облысында бұл көрсеткіш 2022 жылы Түркістан облысы бойынша көрсеткіштен 17 есе көп болды», – делінген бағдарламада.