Наурыздың 11-і облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Наурыз жәрмеңкесі» Мағжан Жұмабаев көшесі бойында (Абай мен Интернационал көшелерінің аралығында) ұйымдастырылады. Облыс тұрғындары сағат таңғы 10-нан кешкі 4-ке дейін табиғи таза өнімдерді сатып ала алады. Шараға Петропавл мен өңірдің барлық аудандарынан келетін 100-ден астам кәсіпорын қатыспақ. Олар қала тұрғындарына ет, сүт, макарон, жарма, бал, жұмыртқа, балық өнімдерін ұсынады. Жалпы, азық-түліктің 85 аталымы сауда сөрелеріне қойылады. Бұдан бөлек, мал азығы да сатылады. Тауар нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзанырақ болады деп күтілуде.