Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да жолдарды тазартуға 900 млн теңге бөлінді

СҚО-да жолдар қардан дұрыс тазаланбаған. Салдарынан кейбір бағыттар бойынша көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл өңір жолдарын тазартуға қазынадан 900 млн теңге бөлінген. Алайда барлық жерлерде жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Айиалық, Петропавл – Қорған бағытындағы халықаралық тас жолы қардан уақытылы тазаланбаған. Енді еріген қар көктайғаққа айналып, қатынас қиындады. Жуырда Ресейге бағыт алған жүк көліктерінің бірі жолдан шығып кете жаздаған.

«Жүру мүмкін емес. Жол жып-жылтыр. Жеңіл көліктердің өзі әзер қозғалып жатыр. Сағатына 15-20 шақырым жылдамдықпен қозғалып келіміз. Қар тазаланбайды, құм төселмейді. Осы жолмен жиі жүреміз. Ешқандай күтім жоқ», – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Евгений Прасолов.

Жалпы, Петропавл-Қорған бағытындағы тас жолының ұзындығы 31 шақырым. 2017 жылы оны жөндеу мақсатында 10 млрд теңге бөлінді. Алайда мердігер ұйым жұмысты соңына дейін жеткізбеді. Қазір іс сотта қаралуда.

С подпиской рекламы не будет

Подключите Дзен Про за 159 ₽ в месяц