Найти в Дзене

Владимир Зеленский американдық келісімге қол қоюдан бастартты. Бұл нені білдіреді?

Кеше АҚШ мемлекетінің астанасы Вашингтон қаласында Украина президенті мен осы елдің ресми басшылары арасында кездесу болғаны белгілі. Әлем, бұл кездесуден әжептеуір өзгерістер күткені белгілі.

Содан болса керек бұл кездесуден әлемдік бұқаралық құралдары жарыса ақпараттар жазып отырды. АҚШ-тағы Республикалық партияға ниеттес ақпарат құралдары бұл кездесуді өзінің басты жаңалықтары есебінде көрсеткені белгілі.

Бірақ кездесу, Американдық тарап күткендегідей нәтижеде болмай шықты.

Жалпы, кезддесу Американдық тараптың ұйғаруымына сәйкес жоспарланғаны белгілі. Американдық тарап бұл келісімнен Украиндағы жанжалды өз қалауымен аяқтап, Украинаның шикізат қорына иелік ететін қол қою келісімімен аяқтағысы келгені белгілі.

  • АҚШ билігіне қайтып келген Д. Трамп командасыда өзінің сайлауалды насихатының басты тақырыбы есебінде осы Украина мәселесін қозғағаны жаңалық емес. Бәлкім, осы насихатымен қарсыласы демократия партиясының өкілі К. Харристі жеңген шығар. Дональд Трамптың Украиндағы соғысты 24 сағатта, 48 сағатта, 72 сағатта аяқтаймын деген уәдесін бүкіл американдықтар біледі.

АҚШ Ресей басқынышылығын тоқтатуда Украинадағы соғыс қимылдарын қаржыландырушылардың бірі болып, Владирим Зеленский командасыда қолдау көрсеткен болатын. Бірақ бұл қолдау Джо Байденнің кезінде айрықша көрінгенімен негізгі қаржылдыру В. Порошенко Украина президенті болып тұрған кезде басталған болатын.

Енді

  • Қаржылық қыспаққа тап болып, артық ақша көзіне зәру болып тұрған Дональд Трамп командасына

1. Украина шикізатына қол жеткізу керек болып тұр.

2. Украинадағы соғыс қимылдарын уақытша болса да тоқтатқысы келеді.

  • Алайда, қыспаққа тап болған Украина лидері Владимир Зеленский Дональд Трамптан қарағанда ақылдырақ болып шықты.

Украина президенті АҚШ тарапы қыспаққа алып, мәжбүрлеп отырған келісімге қол қоюдан бастартты.

  • АҚШ президенті украиндық ресми өкілдерге қарап, сіздерде козырлық карта жоқ, немен ойнап отырсыңдар деп айтқаны белгілі.

Бірақ, жанжалда Украина тарапы екінші деңгейдегі ойыншы емес, басты карта үлестіруші екендігін білдіріп, Тәуелсіздікке, аумақтық тұтастыққа кепілдеме бермейтін келісімге қол қоймай кетіп қалды.

Бұл нені білдіреді? Салдары қандай болуы мүмкін.

Болашақта АҚШ тарапы Украина жанжалынан сырт қалады. Украина тарапы АҚШ БҰҰ-да қауіпсіздік кеңесінде мүше бола отырып, мәселелерді шешпейтіндігін байқатып кетті.

  • Келісімді мәжбүрлі түрде тықпалап, қол қойдырмақ болған Д. Трамптың АҚШ-та рейтингісі біртіндеп төмендей бастауы мүмкін.
  • АҚШ-та Республикалық партияның саяси беделі төмендеп, сайлаушыларының беделінен айырылуы мүмкін.
  • Көршілес елдерге нәтижесіз қысымы доллардың арзандауына әкелуі мүмкін.
  • Егер, Украина жанжалына Д. Трамп командасына ресми түрде Ресей жағына шығатын болса - АҚШ президентіне импичмент жариялануы мүмкін.
  • Дональд Трамп командасының Ресейлік тарапқа салған санкцияларды жеңілдету не жою әрекеті американдықтардың наразылығын тудыруы мүмкін.

Украина тарапы АҚШ ұсынған келісімге қол қоюдан бастарта отырып, ұтылған жоқ. Ұтпаса.

  • Украина тарапы өзінің аумақттық тұтастығы мен Тәуелсіздігін қорғауда ЕуроОдақ жағында екендігін бір байқатып кетті.
  • АҚШ ресми билігі Украина президенті Владимир Зеленскийді жамандауын әсірелеп жіберуіде мүмкін. Бірақ бұл ешнәрсені өзгертпейді. В. Зеленскийдің әрекеті келісімді бұзуға итермеледі-деп. Керісінше, АҚШ-та В. Зеленскийдің беделін көтермелеп жіберуі мүмкін.
  • АҚШ ресми билігі Украина тарапы үлестіріп кеткен карта ойынына қайта қосылуы мүмкін. Ал егер АҚШ тарапы Украина ұсынған рөлде аумақтық тұтастыққа кепіл бермей - жанжалдан шығып кететін болса онда АҚШ-тың әлемдегі беделінің түсіп, келер онжылдықтарға әсер етуі мүмкін.

Әзірше, АҚШ-тың билігіне қайта келген Республикалық партия басшылығындағы Дональд Трамп командасы қосымша қаржы таппай біресе Данияның Гренландия аралына қол сұқса, Канада мен Қытайға да сауда соғысын ашқысы келіп жүргені белгілі.

Әзірше:

  • Украина мен АҚШ тарапының жасаспақ болған келісімінің бұзылғандығының салдарын Дональд Трамп командасы әлі түсінбей тұрған сыңайлы.
  • АҚШ президенттігіне қайта оралуда Украина жанжалын басты тақырыптардың біріне айналдырған Дональд Трамп командасы жанжалда Украина пікірін ескерусіз қалдырамыз деп опық жеген сыңайлы.

Украина тарапына енді минимум жарты жыл, максимум 2 жыл шыдау керек болады.

Соғыстың шешуші фазасы енді басталуы мүмкін.

Енді Украинаға қарымта шабуылға шығу керек не қорғанысты мықты ұстап тұру керек. Не одақтастарын Ресейге әсер етуге мәжбүрлеуі керек

Сурет ғаламтордан алынды