Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да 4 мектеп салынады

Мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында СҚО-да 4 білім беру ошағы бой көтереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы. Аталмыш жобаны іске асыру аясында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров акционерлік қоғамның басқарма төрағасы – Мәулен Айманбетовпен кездесу өткізді. Жалпы ұлттық жоба аясында Петропавлдың шағын аудандарында 4 мектеп салу жоспарланған. Екеуінің құрылысы биыл басталады. Жиында екі тарап ұлттық жобаны іске асыру және оқу орындарын салу үшін дайындық жұмыстарының барысын талқылады.