Найти тему
Qazaqstan Media

Тайынша ауданында суық қаруы бар көлікті ұрлаған азамат ұсталды

Тайынша қаласына қонаққа келген астаналық азамат аулалардың бірінен жеңіл көлікті айдап мініп кеткен. Ұрланған машинада қару-жарақ болды. Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды, депхабарлайды 7152.kz тілшісі.

8 сәуір күні таңертең Тайынша қ. тұрғыны көп қабатты үйдің ауласынан «Volkswagen Passat» автокөлігінің жоғалғанын анықтаған. Ер адам шұғыл полицияға жүгінеді. Айдап әкеткен автокөлік Тайыншадан шығар жолда орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалған екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде «Volkswagen» автокөлігі Ленинградское ауылы маңындағы алқаптан табылды. Туыстарына келген Ақжар ауданының тумасы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 33 жастағы ер адамның қылмысқа қатысы анықталды. Бұрын ол мүліктік қылмыс жасап және есірткінің заңсыз айналымы үшін бірнеше рет істі болыпты. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол үйіне жету үшін жолға шығады. Сол кезде аула ішінде тұрған «Volkswagen» көлігін байқап, мініп кетеді. Бұдан бөлек, көліктен пышақ, «Smersh» пневматикалық тапаншасымен мен оқтары қолды болғаны белгілі болды. Ұрланған заттар алынды, пышақ сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» және 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізілуде.

-Үй сыртына қойылған көлік құлыпталмаған болған, кілті оталдыру ұяшығында тұрған.Үй ауласы жақсы жарықтандырылған, бір тұрғын үйге бес камера орнатты. Дәл осы камералар айдап әкеткен көліктің бастапқы қозғалысын көрсетті. Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторлары бейнекамералардың қылмыстарды ашу мен алдын алудағы тиімділігін түсіндіре отыра, халықпен жұмыс жүргізуде, тұрғындардың басым бөлігі камераларды өз қаражатына орнатуда- деді, Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Тағы да оқыңыздар: Сергеев су қоймасынан су жарты метрге жақын асып-төгіліп жатыр.

##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #ұрланған көлікте қару болған