Медициналық ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуі кезінде алмасатын ақпараттың мәнін бірдей түсінуді қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішев 2020 жылы 23 сәуір күні «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ережесін бекітті.
Ереже бір платформада бірыңғай орталықтандырылған медициналық деректердің қоймасын құруға мүмкіндік береді. Бұл үлкен деректерді қосымша өңдеусіз алмасу болып табылады.
Бұл оқиға АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігін қызықтырды.
COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде аталған тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Агенттік Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін BNSR (Biosurveillance Network of the Silk Road countries) онлайн сессиясына Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша тәжірибесін өзге мемлекеттермен бөлісу үшін спикер ретінде шақырды.
Барлық сессиялар Bnsr платформасында Жібек жолы елдерінің эпидемиологтары мен медицина мамандары үшін ашық алаңда өткізіледі.
Елімізде «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ереже бекітілді
Около минуты
2 прочтения
15 мая 2020