Қазақстан Республикасы бойынша өткен аптадағы адам құқықтарына қатысты ақпарат тізбегі.
«Белсенділерді қудалау»
ОРАЛДА БЕЛСЕНДІ АСЛАН САГУТДИНОВ ҰСТАЛДЫ
7 сәуірде кешке Оралда штаттық киім киген адамдар белсенді Аслан Сагутдиновты ұстап, полиция бөлімшесіне апарды. Блогердің айтуынша, оны дүкенге баруға шықан кезде ұстаған. Белсенді Facebook-та полицейлердің ұстау сәтінен видео жариялады. Кадрда оның нөмірі жоқ "Нива" көлігінің жанында тұрғаны, штаттық киімдегі екі адамның қасында тұрғаны бейнеленген. Белсендінің сөзінше, полицейлер аты-жөндерін айтпаған.
«Бейбіт жиын өткізу құқығы»
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ АЗДЫҒЫНА ШАҒЫМДАНҒАН АНАНЫҢ ҮЙІНЕ ПОЛИЦИЯ БАРДЫ
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік көмектің аз екендігін айтқан көп балалы ананың үйіне полиция барды. Елордада көп балалы аналар төтенше жағдай кезінде беріліп жатқан әлеуметтік көмек мөлшеріне наразы. Олардың сөзінше, мемлекет ұсынған 42500 теңге тығырықтан шығуға жеткіліксіз. Сол себепті олар биліктен зейнетақы есепшотынан 200 мың теңге беруді сұрамақшы болып «Whats App» желісінде өзара чат ашып, оның ішіне қалалық және аудандық әкімдік өкілдерін кіргізген.
«Бейбіт митинг туралы заң»
МӘЖІЛІС АТЫ ШУЛЫ «БЕЙБІТ ЖИЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
ҚР парламент мәжілісінің депутаттары «бейбіт жиындар туралы» заңды бұзғаны үшін жазаны қатайтуға бағытталған түзетулер мен толықтырулар жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс мақұлдағаннан кейін, заң жобасы сенатқа жіберілді.
«Белсенділерді қудалау»
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚАЖД ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ МҰҚАТОВАНЫ ТҮРМЕГЕ ҚАМАУДЫ СҰРАДЫ
Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі сотқа "Экстремистік ұйымның ісіне араласты” деп бір жылға бас бостандығы шектелген белсенді Дианара Мұқатованың жазасын «бас бостандығынан айыруға» ауыстыру туралы ұсыныс түсірді.
«Сөз бостандығы»
АДВОКАТ: ТҮРМЕДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАЛАП ЕТКЕН ӘБІШЕВ КАРЦЕРГЕ ҚАМАЛДЫ
Түрмедегі азаматтық белсенді Әсет Әбішев тәртіптік изоляторға қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Гүлнар Жуаспаева хабарлады. Алматы облысының мамандандырылған прокурорының орынбасары Ербол Керімбек Әбішевтің тәртіптік изоляторға қамалғанын растады.