Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Қызды кім сүймейді.

Жақында бір аға маған көпшіліктің бірі болып достық жіберді. .Шашы аппақ,беті бұжыр-бұжыр,иегі түскен суреттегі түріне қарап,жасы жетпіске таяп қалған үлкен қария екен деп ойладым. (жер жебесіне жетіп жаман суреттеді демеңіздер ,оған себеп бар)Бəрі болмаса да достық жіберуші ер азаматтардың кейбіреуі секілді дереу мессенжіріме жаза бастады.Сұлу қыз сəлем деп бастады əңгімесін. .Ойпырмай əкемдей адам қарындасым болмаса қызым деп жазбай сұлу қыз деп бастадығой,көрейін сөзінің мəйегін деген оймен,менде -амансызба аға деп жауап қаттым. Содан мені аға демесеңде болады, бар болғаны 56 ақ жастамын депті 😮😮56 жасты бір енді ер жеткен жігітпін дегендей əрлеп. Ааа кешіріңіз,56 ақ жастағы жааас болсаңызда маған аға боласыз,менде əлі 47 ақ жастамын дедім. Содан ағам қуды. Сен ойлама мен анау мынау мирық сирық қыз келіншектерге достық жібереді деп. Сен əдемі болғансоң достық жібердім. Егерде сен əдемі болмасаң мен сенімен дəл осылай жазысып алтын уақытымды бөліп сөйлеспесте едім деп. 😃😃Мен өз бағамды жақсы білемін,менің орным биікте,қанша сұлудың арманына айналғам деп бірдеңелерді жазып жатыр,жазып жатыр 😮😮😃Сіздер ойламаңыздар оның бəрін неге мені үндемей оқып отырды блоктамай деп 😮.Əдейі соңына дейін тыңдауды жөн көрдім. Содан аға болдыңызба айтып дедім бір кезде. Иə сұлы қыз,міне мен осындай адаммын енді сенің əңгімеңнің əуселесін көрейік айт дегені 😮😮😮😃 Сосын мен қысқа да нұсқа жауап бердімде блокқа қоя салдым. Жасыңыз жетпісте деп қалдым,елге ақыл айтар еңсілі қария деп ойладым.Сөзіңізде дəм,өміріңізде мəн жоқ бұжыр бет нағыз ақымақ екенсіз дедім болды. Шындап жанын түсініп аялай білсеңдер барлық əйел əдемі ер азаматтар дегім келді. Ел ағасы болар еңселі жасқа келгенде жаспын деп есірмей,кеудеңді пасықтықпен өсірмей,елге пайдаң тимеседе,ешкімге зиянда жасамай тынаш жүрсеңіздер жеткілікті. Сырт бейне сұлулана береді,ішкі дүниенің сұлулығына тереңірек үңілсек жақсы болар едіғой.

Сөзімен мəнсіз сандалып

Жүретін ерлер бар анық

Ұрпағың ертең сен үшін

Жүрмесе екен арланып !

Жаспын деп алпыс жеткенде

Көз салмай өткен кеткеге,

Жақсы із қалдыр оданда

Ұрпағың жүрер бөктерге!

Сөйлесең сөзді жүйелі,

Затыңды сақтап киелі!

Мақтанышсызақ,сіздерді

Сұлулар талай сүйеді.